Жексенбі, Сәуір 5, 2020

Коронавирусты ең алғаш кім жұқтырғаны белгілі болды

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

2019 жылдың 11 желтоқсанында «Хуанань» базарында тірі шаян сататын сатушы әйелдің дене қызуы көтерілген.

Sputnik. Қытайдың Ухань қаласындағы базарда COVID-19 вирусын жұқтырған алғашқы адам шаян сатушысы болған.

Бұл туралы РИА Новости қытайлық «Пэнпай» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Инфекцияның ошағы теңіз өнімдері базары ма, жоқ әлде вирус оған басқа жерден кірді ме, бұл мәселе төңірегіндегі дау әлі жалғасып жатыр. Мамандар вирус жануардан адамға қалай және қашан жұққанын әзірге анықтай алған жоқ.

Басылымның ақпаратынша, 2019 жылдың 11 желтоқсанында «Хуанань» базарында тірі шаяндарды сататын Вэй есімді әйелдің дене қызуы көтерілген. Ол өз үйінің бірінші қабатындағы емханаға жүгініпті.

Әйелдің айтуынша, ол өзін жайсыз сезінгенде, үнемі ауруханаға барады екен. Дәрігерлер ине салғаннан кейін, жағдайы жақсарады. Бірақ бұл жолы тіпті екі ине де көмектеспеген, Вэй басқа ауруханаға барған. Бірақ ол жерде де оған көмектесе алмапты. Осыдан кейін сатушы үйде тынығуға бел буады.

16 желтоқсанда ол Хуачжун ғылым және технология университеті жанындағы «Сехэ» ауруханасына жүгінген. Осылайша Вэй Қытайда коронавирус ресми түрде расталған алғашқы адам болып отыр.

Журналистер «Хуанань» теңіз өнімдері базарымен еш байланысы болмаған,  коронавирус жұқтырған тағы бір адамды тапты.

16 желтоқсанда Чэньнің дене қызуы көтерілген. Ер адам Ухань қаласының маңындағы Цзянся ауруханасына барады.

Чэнь қаржы саласындағы компанияда істейді екен. Тірі құстармен немесе 30 шақырым қашықтықтағы базармен мүлде байланысы болмаған. Ер адам вирусты қайдан жұқтырып алғанын білмейді. Бір қызығы, оның отбасы қауіпті вирустан аман қалған. Оны ауруханаға апарған адам да індетке шалдықпапты.

Чэнь жарты ай бойы тек жұмысқа барғанын, басқа ешқайда кірмегенін айтты. Ол вирусты метрода немесе ауруханада жұқтырып алған болуым мүмкін деп топшылап отыр.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...