«Бізде бір ғана мүмкіндік бар»: Дәрігерлер қазақстандықтардан көмек сұрайды (ВИДЕО)

2020 03 25 18 30 18

Біз қазір қиын-қыстау кезеңнен өтіп жатырмыз. Дәргірелер әр Қазақстанның азаматынан көмек сұрайды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дәрігерлердің бейнеүндеуін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасы жариялады. Видеода Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері қазақстандықтардан сақтық шараларын жоғары деңгейде орындап, дана халық екенімізді дәлелдейтін кез жеткенін айтады. Және барлығынан үйден шықпауды өтінді.

Бірі: «Біз Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлеріміз. Біз қазір қиын-қыстау кезеңнен өтіп жатырмыз. Сіздерден көмек сұраймыз. Үйде болыңыздар», – десе,

«Қазір маңызды кезеңдердің бірі. Бұл – жаттығу емес. Бізде бір ғана мүмкіндік бар. Үйде болуларыңызды сұраймыз», – дейді екіншісі.