Жұма, Сәуір 3, 2020

«7-20-25» және «Баспана Хит» бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Мұндай мүмкіндік төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан қазақстандықтарға беріледі.

Sputnik. Ұлттық банк коронавирус салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында «7-20-25» және «Баспана-хит» тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізді. Төлемді 90 күнге шегеру мүмкіндігі қарастырылып отыр.

«Бағдарламада негізгі қарыз төлемдері кейінге шегеріледі және (немесе) сыйақы бойынша 90 күнге дейін өсімпұл салынбайды. Бұл елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұрғындар үшін қарастырылған», – деп жазылған хабарламада.

Банктерге қарыз алушыларға қолдау көрсету шараларын жүзеге асырып, әр жағдайды жеке қарастыру тапсырылды.

«Төтенше жағдай кезінде қиын жағдайға тап болған қарыз алушылар банкпен бірге төлем жасаудың тиімді механизмін жасайды. Бұл өзгеріс кредит алушы туралы мәліметте көрсетілмейді», – деп жазылған ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Тұрғын үй бағдарламалары арқылы қарыз алғандар ай сайынғы төлемдерді 16 наурыздан бастап кейінге шегере алады. Бұл күні елде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындардың негізгі қарызы мен сыйақыны төлеуін уақытша тоқтатуды тапсырды.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

«Қауіптісі, ел арасында өзінің коронавирус екенін білмейтін адамдар бар»

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған, бірақ, ол туралы өзі де білмейтін адамдар бар деп болжайды, деп...

КАРАНТИН НӘТИЖЕСІ: РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР ӨСІМІ ТӨМЕНДЕДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн...

Алматыдағы 14 індет ошағынан шектеулер алынды

Алматыда коронавирус инфекциясынық ошақтары азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегіне сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста...

Науқастармен байланыста болған дәрігерлер үйлеріне қайтқысы келмейді

Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекеттік комисиия...

Коронавирус Қостанай облысына жетті

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 18.10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7...

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бір уақытта әнұран орындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды...