Жексенбі, Сәуір 5, 2020

Асхат Аймағамбетов ата-аналарға хат жазды

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

BAQ.KZ. Ата-аналардың балаларды кітап оқуға баулығаны өте маңызды. Егер бала Сіздің кітап оқып отырғаныңызды жиі байқайтын болса, өзі де қолына кітап алатын болады, делінген министрдің Kundelik.kz-те жарияланған хатында.

Асхат Аймағамбетов балалардың көктемгі каникулы 16 наурызда басталағанын айта келе, үйде отырған оқушылардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге ата-аналар көмектесе алатынын жазды.

Менің ұлым – төртінші сынып оқушысы. Өзі кітап оқығанды жақсы көреді. Мысалы, оқу жылы басталғалы «Робинзон Крузо», «Том Сойердің бастан кешкен оқиғалары», «Менің атым – Қожа», «Көшпенділер» трилогиясы кітаптарын бірге оқып шықтық. Сүйікті кітабымыз – «Капитан Гранттың балалары». Сондай-ақ, ежелгі грек және мысыр мифтері мен аңыздарын қызыға оқып шықтық, – деп жазды министр.

Сонымен қатар, ол ата-аналардың балаларды кітап оқуға баулығаны өте маңызды екенін айтады. Егер бала Сіздің кітап оқып отырғаныңызды жиі байқайтын болса, өзі де қолына кітап алатын болады.

Маған бала кезімде ғылыми фантастика жанрында жазылған туындылар ұнайтын. Айзек Азимовтың, Рэй Брэдберидің, ағайынды Стругацкийлердің, Клиффорд Саймактың, Роберт Хайнлайнның еңбектері қиялымды оятатын. Осы авторлардың туындыларын оқып, күні бойы хикаялардың мазмұнын ойлап жүруші едім, – дейді ол хатында.

Осылайша, есейе келе, ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылығым артанын айтады.  Сондықтан, балаларды осы жанрға баулу өте маңызды деп ойлайды.

Бала кезде оқыған сүйікті туындыларыңызды балаларыңызға ұсынып көріңіздер. Ең бастысы, бала үйде кітапты неғұрлым көп оқитын болса, мектеп бағдарламасын соғұрлым жеңіл меңгеретінін ұмытпаңыздар. Кітап оқудан бөлек, отбасымен танымдық видеоларды қарауға болады. Мысалы, видеосабақтарды, тренингтер мен ғылыми тәжірибелерді, TED-конференцияларын және т.б. Біздің министрліктің сайтынан білім беру ресурстарының тізімін таба аласыздар. Айтпақшы, қазіргі кезеңде білім беруге бағытталған сайттарды пайдалану барысында трафик есептелмейді, яғни тегін болады. Ол үшін біз интернет провайдерлерімен келісім орнаттық. Бұл қосымша білім беру орталықтары, курстар мен секциялар жұмысын тоқтатқан кезеңде өте ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, бұл – балаларды онлайн-форматта білім алуға икемдеуге жақсы мүмкіндік, болашақта пайдасы тиетіні де сөзсіз, – делінген хатта.

Сондай-ақ, ол бұл – министрдің емес, жағдайға байланысты балаларымызда кенеттен пайда болған бос уақытты тиімді өткізуді және осы кезең бізді балаларымызбен жақындастыра түсуді қалайтын әкенің ұсыныстары ғана екенін айтады.

BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...