Жексенбі, Сәуір 5, 2020

Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанның өңірлеріне қайдан барғаны белгілі болды

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Шымкент қаласында, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында бір-бірден коронавирус жұқтырған адам тіркелді.

Sputnik. Қазақстан өңірлеріне коронавирус инфекциясын алып барған адамдар туралы мәліметтер жарияланды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырды. Нұр-Сұлтан қаласында – 41, Алматы қаласында – 31, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Шымкент қаласында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам.

Елорда ауруханасында коронавирус жұқтырған 1938 жылы туған науқас жатқаны белгілі болды.

Коронавирус Шымкентте

Шымкентте 1996 жылы туған науқас жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Ол өңірге елордадан қалааралық автобуспен барған.

«Ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, жағдайы тұрақты. Онымен қарым-қатынас жасағандардың барлығы анықталды, қазіргі уақытта оқшауланып жатыр», – деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

«Қала аумағы бақылауда. Халыққа ешқандай қауіп-қатер жоқ», – деп жазды Шымкент әкімдігі Instagram парақшасында.

Коронавирус Жамбыл облысында

Жамбыл облысында 1979 жылы туған Қырғызстаннан келген азамат ауырып қалды. Ол ауруханаға жатқызылды.

Коронавирус Солтүстік Қазақстан облысында

Коронавирус инфекциясын жұқтырған төртінші адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Ол Ресейден келген 1993 жылы туған әйел адам. Қазір ол ауруханада жатыр.

Науқаспен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталып, карантинге алынды.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...