Хантавирус: Жаңа індет пайда болып, 1 адам қайтыс болды

2020 03 25 11 31 51

Хантавирус: Жаңа індет пайда болып, 1 адам қайтыс болды

Қытайда ер адам қауіпті індеттің тағы бір жаңа түрі – хантавирустан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өзінің Тwitter парақшасында Global Times мәлімдеді.

Юньнань провинциясының тұрғыны Шаньдунға бара жатқан қоғамдық көлікте қайтыс болған. Дәрігерлер сол автобустың салонындағы барлық жолаушыларды тексеріпті.

Бұл – Қытайда хантавирустан болған өлімнің алашқы тіркелген жағдайы.

Лента.ру жазуынша, бұл вирусты таратушылар – кеміргіштер екен.

Сонымен қатар, ұшатын тышқандардың кей түрі тістегеннен кейін де хантавирус жұқтырғандар болғаны анықталды.

Аурудың адамнан адамға ауысуы вирустың бұл түріне тән емес көрінеді. Соған қарамастан, мұндай жағдайлар тек Аргентина мен Чилиде тіркелген.