ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

2020 03 24 12 21 21

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған. 

Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29 адам, Қарағанды қаласында 2, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді.

Еске сала кетсек, осыған дейін бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұққан екі адам анықталғаны туралы хабарлаған едік.