Коронавирус жоқ деген Нұрлан Еспанов мәлімдеме жасады

049339a593b47d2870dfd07d3ae700ba

Жақында эстрада әншісі, композитор Нұрлан Еспанов көлік ішінде «коронавирус жоқ» деп видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген болатын.

Осы видеоүндеу қатысты сыни пікірлер көбейіп кеткен соң, әнші өз парақшасынан алдыңғы мәлімдемесін өшіріп тастаған болатын. Бірақ өзге парақшаларда ол видео таралып кеткен.

Енді Нұрлан Еспанов осы видеоға қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

– Наурыз мерекесі құтты болсын. Мерекеден мерекеге дейін аман-есен жете берейік. Жақында бір видео жүктегенмін. Көпшілік қауым, үлкен кісілер ол видеоны дұрыс қабылдамапты. Негізі мен дүкендегі жағдайды көріп, халықты дүрлікпеуге, сабырға шақырған болатынмын. Бұл індеттен де аман шығармыз. Сақтанып жүріңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен сіздермен біргемін, – дейді әнші.

/oinet.kz/