Коронавирус Қазақстанның тағы бір қаласына кірді

12745914

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 53 адамға жетті. Талдықорғанда бір адам тіркелді.

Sputnik. Талдықорғанда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қазақстанда науқастардың саны 53 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«2020 жылдың 21 наурызы сағат 12.00-дегі дерек бойынша, коронавирус жұқтрығандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Талдықорғанда бір адам тіркелді», – делінген ақпаратта.