Жұма, Сәуір 3, 2020

Алматы тұрғындары қоршауға алынған аумақта не болып жатқанын айтты

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Жұрт даладағы жағдайды таңертең бір-ақ көріп, аң-таң болған. Зәулім үйлердің кіреберісіне темір шарбақ қойылған.

Sputnik. Алматыдағы індет тараған 10 орын қоршауға алынды. Енді ол жердегі тұрғындар уақытша сыртқы әлеммен байланыссыз өмір сүреді, ешқайда шыға алмайды. Оқшауланған аумаққа бөгде адамның да  аттап басуына тыйым салынған.

Алматының элиталық ықшамауданындағы тұрғын үйлер 19 наурыз күні қоршауға алынды. Содан бері айналасында Ұлттық ұлан сарбаздары мен полицейлер қаз-қатар тізіліп тұр. Зәулім үйлердің кіреберісіне темір шарбақ қойылған. Бұл аумаққа ешкім кіре алмайды. Ал іштегілер сыртқа аттап баса алмайды, деп хабарлады КТК.

Кілең қалталылар тұратын Almaty towers кешенінде 22 қабатты үш үй бар. Бұл 320 пәтердің тұрғыны сыртқы әлемнен ажырап қалып отыр. Осы аумақта ауру ошағы табылған. Сол себепті тұрғын үй кешеніндегі адамдар карантинге жабылды. Жұрт даладағы жағдайды таңертең бір-ақ көріп, аң-таң болғанын айтады.

«Қазір мына жерге келсем, адамдар менен қашып жатыр. Бұл не деген масқара?! Бізге алдын ала ештеңе айтылған жоқ. Ескерту болмады. Кәрі әке-шешем үйде жалғыз қалып қойды, мен де мына жердегі пәтерімде бір өзім қалдым», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Натали Робертс.

Тұрғын үй кешенінің аумағында тек азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр. Бірақ мұндағылардың басым бөлігі дайын тағам жеткізу қызметіне жүгінуде. Ал «анализ ешқайсымыздан алынбады» дейді тұрғындар. Қала орталығындағы бес қабатты ғимараттың тұрғындары да уақытша оқшаулы өмір сүретіндер қатарында. Бұл нысанда оқшауда қалған адамдардың жалпы саны – 201. Ең қиыны, тұрғын үйдің ауласында азық-түлік дүкені де жоқ. Сондықтан, жұрт керек-жарағын алуға жақын маңдағы дүкенге тек полицеймен еріп бара алады. Маңайда жүрген шенеуніктер бұдан өзге адамдарға қауіп төнбейтініне сенімді.

«Дүкеншімен қарым-қатынас жасамайды. Біздің ережемізге сәйкес, дүкеншімен 1, 2 метр қашықтықта сөйлеседі. Есікті ұстамайды», – деп түсіндірді», – дейді Алмалы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мәди Қыдыров.

Ұлттық гвардияның санитарлық қызметкерлері бұл жерде күніне екі рет залалсыздандыру жұмысын жүргізуде. Олар қоршалған тұрғын үйдің ауласын және подьездерін тазалайды. Бұл нысандарды да сарбаздар мен сақшылар қатаң қадағалап тұр. Жалпы, қалада эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша коронавирустың 10 ошағы анықталған.

Айта кетейік, оқшаудағы тұрғындардың жұмыс орны сақталады. Олар аса қажет жағдайда ғана дәрігер және полицейлермен бірге қоршалған аумақтан шыға алады екен. Карантин режиміне бағынбай қарсылық танытқан адамдар 15 күнге дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Ал егер сақшылармен төбелесуге дейін барса, 3 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

«Қауіптісі, ел арасында өзінің коронавирус екенін білмейтін адамдар бар»

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған, бірақ, ол туралы өзі де білмейтін адамдар бар деп болжайды, деп...

КАРАНТИН НӘТИЖЕСІ: РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР ӨСІМІ ТӨМЕНДЕДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн...

Алматыдағы 14 індет ошағынан шектеулер алынды

Алматыда коронавирус инфекциясынық ошақтары азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегіне сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста...

Науқастармен байланыста болған дәрігерлер үйлеріне қайтқысы келмейді

Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекеттік комисиия...

Коронавирус Қостанай облысына жетті

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 18.10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7...

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бір уақытта әнұран орындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды...