Жексенбі, Сәуір 5, 2020

«Коронавирус – жалған идеялардың жаназасын шығарды»: Мұхтар Тайжан ірі компанияларды «отбасылық жем-астауға» теңеді

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Мәнсіз бюджет бағдарламаларын, сондай-ақ, салық жеңілдіктерін, қажетсіз субсидияларды аямай құрту қажет, бұлар да – мемлекет қаржысын жеке қалтаға салудың қитұртқы амалдары. Бюждет қаржысын жалмаудың жылдар бойы қалыптасқан бұл жүйесін де, еш жалтақсыз және аяусыз, күйрету керек болады.

Мұнай бағасының таяу арада көтеріле қоймайтынын айтқан қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан ірі компанияларды тарату керек деп, тас-түйін бекініп отыр. Оның ойынша, ол жерлерде бай-бағландардың үрім-бұтақтары жұмыс істейтін көрінеді. Сондықтан Мұхтар Тайжан елімізге аты белгілі компанияларды «отбасылық жем-астауға теңеді», деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайлы ол Facebook парақшасында жазып, бюджетті қатаң бақылаудың бірнеше жолын «жіпке тізді».

«Мұнай құны таяу арада көтерілмейді. Сондықтан, қалай болғанда да, бюджетті қатаң секвестрлеу керек болады. Және бұл істі, мүмкіндігінше, тезірек бастау қажет. Аталған процеске Есеп комитетін, сондай-ақ, тәуелсіз экономистерді тарту керек, өз басым, атсалысуға әзірмін.

1. Бірінші кезекте квазимемсектор – Самұрық-Қазына, Бәйтерек, ҚазАгроны еш жалтақсыз тарату керек. Бұл жерге «еш жалтақсыз» дегенді неге қосып тұрмын!? Өйткені бұл компанияларда депутаттар мен үлкен шенеуніктердің балалары, немерелері жұмыс жасайды, «отбасылық жем-астау» десе де болады. Сондықтан, бұл процесті осы компаниялармен байланысы жоқ адамдар ғана жүзеге асыра алады.

2. Самұрық-Қазынаның (ҚМГ, ҚТЖ, Қазатомөндірісі сықылды) табиғи еншілес-монополияларын, Бәйтеректің (Қазақстаннның даму банкісі сықылды) еншілес компанияларын үкіметке тікелей бағындыру керек. Бұлардың жұмысын тиісті министрліктер (Энергетика министрлігі, АШМ, т.с.с) бақылауы тиіс. Ал олардың кіріс-табыстары, із-түзсіз жойылып кететін бас холдингтерге емес, бюджетке тікелей құйылуы керек.

3. Мәнсіз бюджет бағдарламаларын, сондай-ақ, салық жеңілдіктерін, қажетсіз субсидияларды аямай құрту қажет, бұлар да – мемлекет қаржысын жеке қалтаға салудың қитұртқы амалдары. Бюждет қаржысын жалмаудың жылдар бойы қалыптасқан бұл жүйесін де, еш жалтақсыз және аяусыз, күйрету керек болады.

4. Жер реформасын тездетіп өткізу қажет. Пайдаланбай тұрған жерлерді босатып, мал ұстап, өз күнін өзі көруі үшін жергілікті ауыл тұрғындарына таратып беру керек. Әлдебіреу «екі сиыр» идеясына қарсы ма екен? Бұл жерде көп мәселе латифундистердің мүддесіне келіп тіреледі.

5. Еуразиялық Экономикалық Одақтан шығу не, ең болмаса, оған мүше болуды тоқтата тұру туралы мәселе көтеру қажет. Халық бұл идеяны қызу қолдайды. Мұнсыз экономикалық даму деген болмайды, бұл – отандық өндірушілер және ұлттық валюта үшін өмір мен өлім мәселесі. Коронавирус – жаһандану, интеграция сынды жалған идеялардың жаназасын шығарды», – деп ел экономикалық, қаржылық ахуалына немқұрайлы қарамайтындығын байқатты.

Субцидиялауды «мемлекет қаржысын жеке қалтаға басудың қитұрқы амалдары» деген Мұхтар Тайжан мұнымен тоқтап қалмады.

Мәселен, «Дағдарыс жағдайында бәрі – сөзсіз ұлттық мемлекеттерге айналып шыға келді. Ең әуелгі іс-қадамдар осы. Осыларды қолға алуға, Үкімет шешімді қаншалықты ертерек қабылдаса, өздері үшін де, халық үшін де соншалықты жақсы болады. Айтпақшы, онда құрылған Реформалар және модернизация орталығы не болып жатыр екен?», – деп көпшілікті ойлантарлық сұрақ қойды.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...