Сәрсенбі, Сәуір 1, 2020

Назарбаев: Мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Тұңғыш президент биыл Қазақстан Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатқанын еске салды.

Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Құрметті отандастар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз.Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең», – делінген Елбасы сайтындағы хабарламада.

Тұңғыш президент биыл Қазақстан Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатқанын еске салды. Оның өзіндік себебі бар.

«Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық. Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды. Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз», – деп толықтырды Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол еліміздің алдында тұрған барлық сынақтан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімділік білдірді.

«Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін. Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын», – деп атап өтті Елбасы.

Ол сөз соңында барша халыққа ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?

1 сәуірден бастап екінші деңгейлі банктер арқылы кредит берудің жаңа талаптары күшіне енеді. Осы және өзге де өзгерістерді Sputnik...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 348-ге жетті

1 сәуір күнгі 08:15-тегі жағдай бойынша, Шымкент қаласында - 1 адам, Түркістан облысында 4 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13...

Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. "Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар...

Тоқаев 42500 теңгенің кімдерге ғана берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді (жалпы 340 науқас)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді Нұр-Сұлтан қаласында- 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178...