Жексенбі, Сәуір 5, 2020

Кімдерге міндетті түрде коронавирусты анықтайтын экспресс-тест тапсыру керек?

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Сәуір айынан бастап «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінде коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тесттен өтуге болады. Желінің бас директоры Ерлан Сүлейменов тестілеуді міндетті түрде кім өту керектігін және процедураға өтінімді қалай қалдыратынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз 100 мың тестке тапсырыс бердік. Олар 50 мыңнан Алматы мен Нұр-Сұлтанға бөлінеді. Мерекелерден кейін тағы келеді. Шамамен, сәуір айынан бастап жұмысқа кірісе аламыз. Тесттер, сондай-ақ, Invivo-да және басқа да жеке зертханаларда іске қосылады.

Бұл қызметті міндетті түрде алуы керек адамдар бірнеше топқа бөлінді. Олардың ішінде пациенттермен тікелей байланысатын медициналық ұйымдардың қызметкерлері және карантиндік аймақтарда халыққа қызмет көрсетумен айналысатындар – полицейлер, өрт сөндірушілер, әскери және басқалары», – деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, екінші топқа 2019 жылдың қараша-желтоқсан және 2020 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында вирус аурулары болған адамдар жатады.

Содан кейін қалауы бойынша кез келген адам коронавирусқа экспресс-тест тапсыра алады.

«Осы вирустық инфекция карантиндік, патогендіктің екінші тобына жатады, адамнан адамға жұғады, сондықтан біз серіктестеріміз бен жеке емдеу ұйымдарын тарта отырып, емшара кабинеттерінде жұмыс істейміз. Пациенттер сайттан жазылады деп жоспарлап отырмыз. Олар белгіленген уақыт бойынша сол немесе басқа кабинетке келеді және ауру жұқтырған-мыс қандай да бір адаммен байланыса алмайды. Барлығы регламент бойынша қатаң жүргізіледі», – деп түсіндірді Сүлейменов.

Тест тапсыра алатын азаматтарды іріктеу үшін денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологтар тобын жұмылдырады.

«Эпидемиологтар іріктеумен айналысады. Сондықтан, сараптама тапсырғысы келетіндерге сайтта эпидемиологқа қажетті барлық сауалнаманы толтыру қажет-инфекция бұрын болған ба, жасы, қосалқы аурулар, пневмония. Суық тию белгілері пайда болған жағдайда – дене температурасының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауыруы байқалса, біз тест жүргізе алмаймыз. Бұл жағдайда үйге жедел жәрдем шақыру қажет», – деп түсіндірді Ерлан Сүлейменов.

Экспресс-тесттер демеушілердің қаражатына сатып алынды. Бұған дейін «Сәби» қоры және Kaspi.kz коронавирусты және ИВЛ аппаратын анықтау үшін экспресс-тест сатып алуға 200 миллион теңгеден астам қаржы бөлген. Сондықтан тест тегін болады.

Ерлан Сүлейменовтың айтуынша, қажеттілік туса, тесттерді азаматтар үшін сатып алуға мүмкіндік бар.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...