Коронавирус жұқтырғандардың саны 52 адамға жетті

13184055

Қазақстанда тағы 3 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Науқастар Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандардың саны 52 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, жалпы 52 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.

16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.

Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.