Home Бүгінгі жаңалықтар «Қазақ туған күнді емес, өлген күнді жасайды»: Балғынбек Имаш оқырмандарына өткір сауал...

«Қазақ туған күнді емес, өлген күнді жасайды»: Балғынбек Имаш оқырмандарына өткір сауал қойды

Айтыста майдан қылшық суырғандай етіп, әр сөзін астарлап айтатын танымал айтыскер ақын көпшілікке өткір сауал қойды. Ол 
«Кітап оқудың орнына телефон шұқылап жүрген жастарға, намаз оқудың орнына сериал мен «Қалаулым» көріп отырған үлкендер не ақыл айтсын?» деп қазақ қоғамының рухани құндылықтарына немқұрайлы қарамайтындығын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Instagram парақшасындағы жазбасында аста-төк дастарқан жайып, жұлдыздарды шақырып мақтануға келгенде алдына жан салмайтындарды сынаған ақын той жасамай-ақ жастарды үйлендіруге болатынын жеткізді.

«Той Тәңірдің қазынасы» деп аста-төк дастарқан жайып, ұлан-асыр той жасап, жұлдыздарды шақырып, мақтануға келгенде біз қазақ алдымызға жан салмаймыз. Осы мақтанатын нәрсе ме? Абай айтқан жоқ па «Ғылым таппай мақтанба» деп? Ал біз ше? Ғылым іздендік пе? Өнер үйрендік пе? Бұл жердегі өнер тойда ән салып, би билеу емес. Кәсіп – жасампаздық, ақылмен ойлап, он саусақтан туған өнер.

Біздің мақтан – риякерлік, бәсеке, мал шашпақ, ысырапшылдық.

Мынау коронавирус деген індетке бола жасалып жатқан шаралардың пайдасы да жоқ емес. Ең алдымен, көп адам жиналуға болмайды деген желеумен той-жиындар тоқтады. Иә, тойхана, ресторан иелері, асаба, әнші, музыканттар зиян шегуде. Бірақ, ысыраптан қазақ аман ғой. Кредит алып, қарызға батып, ұят болады деп алаөкпе болмай, тойсыз да жастарды үйлендіруге, баланы сүндетке отырғызуға, жаңа қонысқа кіруге, бесікке салуға, тұсау кесуге болады.

Ал енді туған күн, мерейтой деген қазақтың ата дәстүрінде атымен болған емес. Қазақ туған күнді емес, өлген күнді жасайды, яғни, ас береді. Қонақасы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы деп ас бергенді естігенбіз. Ал 30 жылдық, 40, 50, 60, 70, 80 жылдық деген кеңестік кезден жұққан кесел. Ажалға, қабіріне, Раббысына қауышатын сәтке жыл санап емес, күн санап, сағат санап жақындап келе жатқан адам не деп той тойлайды?», – деп желідегі оқырмандарына ойлануға тұрарлық сауал қойды.

Мерейтой дегеннің қазақтың дәстүрінде болмағанын жазған Балғышбек Имаш бұл пікірімен тоқтап қалмай, қыруар қаржыға той жасап үйленген жастардың бір жыл өтпей ажырасып тынатындарына қапаланды.

«Зауыт пен фабрика салудың орнына ресторан мен тойхана салып, мешіт пен медресе салудың орнына казино мен букмекерлік орталықтарды қаптатқан елдің болашағы не болмақ?

Кітап оқудың орнына телефон шұқылап жүрген жастарға намаз оқудың орнына сериал мен «Қалаулым» көріп отырған үлкендер не ақыл айтсын?

Ең сорақысы не, айтайын ба? Ресторанда миллиондар жұмсап той жасап берген жастарымыздың үштен бірі – бір жылға жетпей, қалған жартысы бес жыл ішінде ажырасып жатыр! Той жасап бәсекеге түскенше ұлдарымызды шаңырақ иесі болуға, отбасын асырауға, кәсіп істеуге, ал қыздарымызды от анасы болуға, келін болуға, жар болуға үйретсек еді.

Асабалар мен әнші, шоумен, жұлдыздарға ұнамайтын шығар сөзім. Бірақ, тойдың ақшасынан береке аз, кәсіп үйренейік, ғылым іденейік, елге масыл болмай, керісінше, өрге сүйрейік, бауырлар», – деп  дүйім жұртты еңбек етіп, кәсіп қылуға шақырды.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

1 COMMENT

  1. Балғынбек бауырым! Сенің Аллаға сыйынып намаз оқитыныңның куасімін.Бірақ сен және қасыңдағы Алла;Құдай деп маңдайларын жерге соғып жүргендерге,Ешқандай Алла,Құдай жоқ.Қазақта болған да емес,Қазақ өмір бойы Тәңіріне табынған-ол табиғат.Сондықтан Сен кәпірлермен күрес егер шын мұсылман болсаң.Кәпірлердің тек Алматыда 47 шіркеуі тұр.Сонда сенің құдайың – өзіңмен не қарап жүрсіңдер. Мына кітапты Шежіре-«Ұлы пайғамбар және үрпақтары»- оқы.Мүмкін көп шындықты түсінерсің,
    Төлеубек ағаң.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here