Жексенбі, Сәуір 5, 2020

«Басым қыса бастады»: Коронавирусты жеңген қыз алғашқы белгілерін сипаттап берді

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Калифорния тұрғыны Bjonda Haliti коронавирус жұқтырып, оның алғашқы белгілерін сипаттап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыз өзінің оқиғасын Twitter-дегі парақшасында жазды.

Мен 22 жастамын, COVID-19 талдауы оң нәтиже берді. Кейбір адамдардың пандемияға байланысты бойындағы үрейін сейілту және бұл дерт туралы қандай да бір хабары болуы үшін өз тәжірибеммен бөліссем деп едім, – деп жазды ол.

Bjonda Haliti ауруды кімнен, қашан жұқтырып алғанын білмейді, өзі клубта жұқтырған болуы мүмкін деп болжайды.

Менен бұл дерт қандай деп көп сұрайды: айта кетейін, бұрын суық тиіп ауырғанымда бұдан да жаман тиген күндер болған. Ауруымды орташа деп бағаладым (10-нан 4-і). Алғашқы үш күн ең қиыны болды, – деп жазады қыз.

Одан кейін бойжеткен аурудың белгілері мен әр күн сайынғы жағдайын сипаттайды.

1-ші күн: ауру құрғақ жөтелден басталды, тамағым да аздап ісіп тұрды. Сол түні әлсіздікті сезіндім.

2-ші күн: Басым қыса бастады. Түнде тоңдым, температурам көтерілді. Менің қатты есімде қалған негізгі белгілердің бірі – көздің ауыруы. Көзім өте сезімтал болды. Кез-келген қимыл ыңғайсыздықты тудырды. Келесі күні ғана қыз дұрыстап ұйықтай алған.

3-ші күн: Өмірлік қуат-күшім төмендеп, өзімді әлсіз сезіндім. Жаңа ғана ұйқыдан тұрсам да денем қалтырады. Сол кезде мынандай белгілер пайда болды: құрғақ жөтел, бас сақинасының ұстауы, дененің ысуы, қалтырауы, жүрек айну. Содан дәрігерге көрінуге бел будым. Олар менің тұмау емес екенімді айтты. Дәрігер инфекция болуы мүмкін сізде деп антибиотиктер мен 800 мг ибупрофен жазып берді. Мен көп су ішуге тырыстым және дәрумендер сатып алдым. Түнде де дене қызуым көтерілді.

4-ші күн: ақыры ыстығым түсті, бірақ есесіне жаңа симптом пайда болды: ентігу түрінде. Кеудемде зілдей кірпіш жатқан сияқты көрінді. Интернетте деміңізді ішке тартып, 10-рет санаңыз дейді, соны жасап көрдім. Жоқ, ешқандай ауырсыну болмады.

Тек осы кезде ғана қыз коронавирусқа тексеріліп көрмек болады, оны ең бірінші кезде жасауы керек еді. Бірақ тест тапсыру өте қиын шаруа болған, сондықтан бойжеткен өз бетімен емделуді жалғастыра берген.

5-ші күн: Дерт белгілері: тамақ ауруы, жөтел, ентігу. Басында көрінген дәрігеріме барып, мені коронавирусқа тексеріңіздер деп талап еттім. Дәрігер ондай ешқандай белгілер жоқ деп сендіруге тырысты. Бірақ қыз алған бетінен қайтпаған.

«Мен сондай-ақ кеуде қуысын рентгенге түсіруді сұрадым, бәрі ойдағыдай болды. Маған карантинді жалғастыруға кеңес берілді, ал талдау нәтижесі 5-6 күннен кейін қолыма тиді!!!!!»

6-күн: Антибиотиктер мен Ибупрофенді үнемі қолданғандағы мендегі белгілер: тамақтың ауруы, жөтел, ентігу. Әлсіздік кете бастады. Қыз ибупрофеннің жағымсыз әсер етуі мүмкін екенін білген. «Жоғарыда айтылғандай, маған оны COVID19-ға тестілеуден бұрын бактериялық инфекцияға тағайындады. Мен Ибупрофенді 4-ші күнге дейін қабылдадым»

7-ші күн: тамақ аздап ауыратын болды, жөтелім де азайды, ентігу. Бойымдағы күш қалыпқа келе бастады.

8-ші күн: құр жөтел.

9-күн: Менің жөтелім қайта қиындады, әлсіздік жоқ.

10-күн: құр жөтел, қақырық, әлсіздік жоқ. Коронавирус нәтижесі келді: оң деп көрсетіп тұр.

Қыз үйде отырып, емделуді жалғастырды. Өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінеді екенсіз нақтылық бар кезде.

«Маған қайта тексерілу керек. Егер мені қайта тексере алатын дәрігер табылса. Бұған дейін бұл ретте жолым болмады», – деді Бжонда Халити.

«Дәрігердің нұсқауына сәйкес, мен өз-өзімді оқшауладым. Сұйықтық ішудің қаншалықты маңызды екенін бір ауыз сөзбен жеткізе алмаймын. Сұйықтық жиі ішу – бұл ең бастысы!» – деді америкалық қыз.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...