Жексенбі, Наурыз 29, 2020

Коронавирус жұқтырған екі жастағы баланың жағдайы нашарлады

Көп оқылды

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге...

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген...

2018 жылы туған бала жөтеліп жатыр, жағдайы орташа ауыр. Рентген арқылы оң жақ өкпесі қабынғаны анықталды.

Sputnik. Алматыда ағзасынан коронавирус табылған екі жасар баланың жағдайы нашарлады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы қаладағы 20 науқастың жағдайы тұрақты, екі науқастың жағдайы орташа екенін хабарлады.

«2018 жылы туған бала жөтеліп жатыр, жағдайы орташа ауыр. Рентген арқылы оң жақ өкпесі қабынғаны анықталды. Ал денсаулығы орташа деп бағаланған тағы бір науқастың жағдайы тұрақты, денсаулығы нашарлап жатқан жоқ»,- деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Набира Есенова.

Бүгін Алматыда үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Арасында Берлин-Алматы чартерлік рейсінің бортсерігі бар. Ол 12 наурыздан бастап жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болған.

«Екінші науқас – 1997 жылы туған ер адам. Ол 19 наурызда түнде Париж – Минск – Алматы рейсімен ұшып келді. Провизорлық ауруханаға карантинге жатқызылды. Бүгін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Үшінші науқас – Алматы қаласының тұрғыны, ол шетелден келген адамдармен байланыста болған. Құрғақ жөтел, тамақтың қырылдауы, кеуде тұсының ауыруы, құлақтың бітелуі сияқты вирус белгілеріне байланысты 18 наурызда одан COVID-19-ға сынама алынды. Нәтижесі оң болып, науқас дереу стационарға оқшауланды», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың  саны 49 адамға жетті. 25 адам Нұр-Сұлтанда, 22 адам Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

Алматыда провизорлық карантинде 696 адам, үй карантинінде 1108 адам жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге жаппай қайтарып жатқан үкімет басшыларына ашулы....

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп...

АЛМАТЫДАҒЫ КЕЙБІР БЛОКПОСТТЫ АТТЫ ПАТРУЛЬ БАҚЫЛАЙДЫ

Карантин периметрінің қол жетімсіз жерлерін Алматы полициясы атпен жүріп бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы, Алматы қалалық ПД құрылымында қаланың ерекшелігі мен инфрақұрылымы ескеріліп атты бөлімдер қарастырылмаған....

Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр – Министр

«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам...
- Advertisement -