Алматыдан облысқа кеткендер карантинге жабылады

news full1584594782a1d08c14f5ac1dc5ac1a94af6426879d

Алматыдан облысқа кеткендердің барлығы үй карантиніне жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Алматыда жұмыс істейтін облыс тұрғындарына қатысты. Үйдегі міндетті карантин екі аптаға созылады. Шешімге облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қол қойды.

«Карантинді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері қоңырау шалу арқылы қадағалайды. Сонымен қатар, бұл қаулы жүктерді тасымалдау қажеттілігіне қатысты. Бүгіннен бастап тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданып, өңделіп, фумитациялануы керек. Герметикалық қаптамасыз жүкті тасымалдауға тыйым салынады», – деп атап өтті әкімнің баспасөз қызметі.