Дәрігер коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

2020022911231767048 a3f1444e8a40291547aa5829d7c95fa6 750x375 1

Ресейлік дәрігер Александр Мясников «Соловьев. Live» бағдарламасының эфирінде коронавирустың қашан тоқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, коронавирус эпидемиясы бір ай ішінде сәуір айының ортасына қарай басылады»,  – деді дәрігер Мясников.

Оның айтуынша, коронавирус маусымдық ауру. Сондықтан дәрігер күзде вирустың қайта таралуы мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ, дәрігер әзірше медицинаның да бұл вирустың қалай таралатынын толық білмейтінін айтады. Ол пандемия үшін болып жатқан дүрбелеңнің негізсіз екенін айтады. Ал карантин жариялау, дәрігердің айтуынша, өте маңызды.