«Коронавирусты емдеуге арналған вакциналар» Ресейлік ғалымдар коронавирустың толық геномын анықтады

Ресей ғалымдары коронавирустың толық геномін анықтады. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Lenta.ru.

А.А.Смородинцев атындағы ғылымии-зерттеу институтының мамандары COVID-19 жұқтырған науқастың материалынан алынған SARS-CoV-2 коронавирусының алғашқы толық геномін анықтады. Мамандардың айтуынша, бұл ақпарат коронавирусты емдеуге арналған вакциналар мен вирусқа қарсы препараттарды жасауға көмектеседі.

Мекеме директорының міндетін атқарушы Дмитрий Лиознов SARS-CoV-2 вирусына жасалған генетикалық талдаудың оның таралуы мен эволюциясын түсіну үшін маңызды екенін айтты. Генетикалық деректер коронавирустың ғаламдық эволюциясын бақылау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен әлемдік жетекші зерттеу топтары қолданатын халықаралық EpiCoV GISAID дерекқорына жүктелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда коронавирусқа қарсы Favilavir деп аталатын препаратты клиникалық тексерістен өткізу ақталғанын хабарлағанбыз. Дәрі науқастың ыстығын басуға арналған. Нақтырақ айтқанда, дене қызуы сақталатын уақытты 4,5 күннен 2,5 күнге азайтады. Сондай-ақ, Голландиядағы Утрехт университетінің ғалымдары коронавирус инфекциясын жоятын антидене тапқанын жаздық.

Жасуша биологиясының профессоры Франк Гросвельдтің айтуынша, бұл коронавирусқа қарсы алғашқы табылған антидене. Ғалымның пайымынша, антидене сатылымға түсетін дәрілік затқа айналуы мүмкін. Алайда ол әлі сынақтан өткізілуі тиіс. Бұған бірнеше ай уақыт қажет. Сондай-ақ, дәріні биологтар қауымдастығы қолдауы қажет.Барлық құқықтар сақталған.

/turkystan.kz/

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу