Екі адамға оқ тиіп, біреуі қайтыс болды

7f4be3fee5b67edd7499cd4507513c80

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында ер адам оқ жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурыз күні сағат 03.10-да Хромтау аудандық орталық ауруханасына жергілікті екі тұрғын оқ жарақаттармен жеткізілді. Олардың біреуі 40 жастағы ер адам оқ жарақатынан аудандық ауруханада көз жұмды, екіншісі  хирургия бөліміне жеткізілді. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, Хромтау қаласы Әліпов көшесіндегі белгісіз тұлға қаруды қолданып, жәбірленушіні өлтіру мақсатында оқ атқан. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлері Хромтау қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз