Уханьда алғашқы рет Коронавирус жұқтырған жаңа науқас тіркелмепті

news full15802658368016f24e75d2bca1e4f73b4356d3b38b

Коронавирустың ошағына айналған Хубэй провинциясының Ухань қаласында алғашқы рет инфекция жұқтырған жаңа науқас тіркелмепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың денсаулық сақтау бойынша құрылған комиссияның мәліметінше, Хубэйдің сырт аймақтарында да ешкім ауруды жұқтырмапты. Десек те ҚХР-дың басқа да аудандарында коронавирусқа шалдыққан 34 науқас анықталыпты. Олардың 21-і Бежіңде, 9-ы Гуандун провинциясында, 3-і Шанхайда және тағы біреуі Хэйлунцзян провинциясында екен.

Қазіргі таңда әлем бойынша короанвирусқа тап болғандардың жалпы саны 218 631-ге жетіп отыр. Олардың 8 810-і аурудан көз жұмып, тағы 84 113-ы індеттен толғымен айығып шыққан.

Сарапшылардың мәліметінше, Қытайда 81 137, Италияда 35 713, Иранда 17 361 адам коронавирусқа шалдыққан.