Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

news full15845964495509167493d19b111f65e70825e9a687

Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны түрме алдынан күтіп алу үшін бір топ адам жиналды

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде босату туралы өтінішін қарап, оның қанағаттандырды.

Семей қаласының сотында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті босату туралы сот үкімі жарияланған кезде залдың реакциясы өте көңілді болды. Залда жиналғандар жаңалықты айқай-шумен, қуанышпен қабылдады.

Ал Жәкішевтің отбасы оның бостандыққа шығатынына сене алмай отырғанын айтты.