Алматыға кіріп және шығып үлгеруге 72 сағат уақыт берілді

5e7207e485938254078506

Әкім орынбасары азық-түлік нысандарын алмағанда, сауда нысандарының қызметі карантинге байланысты уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

Алматылықтарға Алматыға оралу үшін, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге оңтүстік астанадан шығу үшін 72 сағат берілді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов бүгін, онлайн брифингте мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім орынбасары азық-түлік нысандарын алмағанда, сауда нысандарының қызметі карантинге байланысты уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды жеткізу үшін санитарлық өңдеуден өткен транспорт және қызметкерлермен қамтылған жасыл дәліз ұйымдастырылады.

«Қалаға кіру және шығуға, соның ішінде қалаға сырттан кіріп жұмыс істейтін тұрғындарға да тыйым салынған. Қала тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысына шектеу жоқ. Қоғамдық көлік пен метро штатты режимде жұмыс істейді. Жолаушылар санының азаюына байланысты қозғалыс интервалы 20%-ға қысқартылады», – деді Қожағапанов.

Ол алматылықтардың қалаға оралуы үшін, сондай-ақ басқа қала тұрғындары мен шетелдіктердің шаһардан шығып кетуге 72 сағат уақыты бар екенін айтты.