Елімізде тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

5e7206fdd240d991987015

Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы бір адамда коронавирус анықталғанын хабарлады.

«Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта елде 36 адамда анықталып отыр. Алматыда -18, астанада – 18 адам», – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 30 тәулікке жалғасады.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа өңірлеріне коронавирустың таралуына жол бермеу үшін осындай шешім шығарды.