Алматыдағы карантин: Бірнеше шақырымға созылған кептеліс жұртты таңқалдырды (видео)

news full15845256077b5c5c9e229331f50f6a8a74e4fb11b5

Алматының шығаберісінде «Алтын Орда» базарының маңында көліктердің ұзын-сонар кептелісі түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көлік кептелісі түсірілген видео WhatsApp мессенджері арқылы тарала бастады. Бейнежазбада темір тұлпарлардың ағымы Ақкент ықшам ауданына дейін созылғаны аңғарылады

Айта кетейік, Райымбек көшесінде өткел салынып жатқандықтан көлік кептілісі бұл маңда жиі байқалатын құбылыс. Десек те дәл бүгінгі күні қаладан сыртқа ағылған көліктердің кезегі тіпті көп.

Еске салайық, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылады деп айтылған еді. Қала әкімдігінің мәліметінше, карантин кезінде облыстан Алматыға қатынайтын тұрғындар мегаполиске кіргізілмейді.