Ұзын-сонар кезекте тұр: Алматылықтар дәріханаларды да талан-таражға салуда

news full15845189529997e8ff642081cbce81427e1a2b2f08

Елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны көбейюіне байланысты Алматы Және Нұр-Сұлтан қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылады. Бұл жаңалықтан кейін тұрғындар барынша қарманып қалуды ойлауда. Азық-түлік дүкендеріндегі талан-тараждан кейін дәріханалардың есік алдында ұзын сонар кезек кетпей тұр. Stan.kz тілшісі Алматыдағы ірі дәріханалар желісіндегі жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Қаланың каратинге жабылатынын естіген тұрғындардың біраз абыржығаны жасырын емес. Бір айға жеткілікті азық – түліктерін, дәрі-дәрмектерін алып қалуға асығуда. Жығылғанға жұдырық болып доллар бағамының шарықтап тұруы да халықтың жанталасына себепші болуда.

Бүгін таңғы уақыттан бастап Алматы қаласындағы ірі дәріханалар желісінде адам қарасы көп жиналып, кезектің соңы сыртқа шығып тұрды.

аптека

Кезекте тұрғандардың арасында вирустан қорғануға көмекші құрал медициналық маска мен антисептиктен бөлек түрлі дәрілерді алып қалу үшін де келгендер бар.

аптека

Дәріхана қызметкерінен кезектің саны жиі осылай бола ма деп сұрағанымызда:

«Коронавирусқа байланысты карантин жарияланған соң адам көбейді», – деп қысқа жауап берді.