Дүйсенбі, Сәуір 6, 2020

«Мазақ етіп, нан да сатпайды» Испаниядағы қазақстандықтар қысым көріп жатқанын айтты

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Испанияда академиялық мобильдікте жүрген қазақстандық студенттер жергілікті тұрғындардан қысым көретінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл шындықты қабылдау бізге қиын. Біз, Қазақстан азаматтары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің екінші курс студенттеріміз. Академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша бізді Испаниядағы Сьюдад-Реальге алты айға, қаңтардан бастап маусымға дейін Испанияға іссапарға жіберді», – деп жазды студент қыз Instagram желісіндегі парақшасында.

Ол Білім және ғылым министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрады.

«Испанияның барлық аумағында карантин жарияланды. Кез келген қозғалысқа тыйым салынады. Талаптар бұзылған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Күн сайын әлем елдері Испанияға ұшуын тоқтатып жатыр.

Біз Испанияда буллинг пен ұлтшылдыққа тап болдық. Олар дүкендерде бізге «Сен азиялықсың!», «Коронавирус!» деп саусақпен көрсетіп, нан да сатпайды. Үлкендер бізге жұмыртқа лақтырады, балалар мазақ етіп, денесінің алдыңғы және артқы бөліктерін көрсетеді. Психикамыз бұзылды. Басында көшеге шығуға қорқатынбыз, енді ұйықтауға қорқамыз», – дейді қазақстандық қыз.

Испанияда карантин екі айға дейін созылуы мүмкін, себебі вирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты.

«Біздің тұратын жеріміз жоқ. Пәтердің қожайыны карантинге байланысты үйден шыға алмай, төлемді де қабылдай алмайды, сондықтан айдың соңына дейін кетуімізді сұрады. Қалада азиялықтарды көргісі келмейді. Біз дүрбелең салмай, қорықпауға тырыстық. Бірақ жағдай қорқынышты, біз өз өміріміз үшін қорқамыз», – деді ол.

Сыртқы істер министрлігі жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның Мадридтегі елшілігі Испанияда жүрген Қазақстан азаматтарының тізімін жасап жатыр. Қазақстанға оралғысы келетін азаматтарымыздың санын анықтағаннан кейін оларды елге қайтару мәселесі шешіледі», – делінген СІМ хабарламасында.

Министрлік Испаниядағы барлық қазақстандықтан Мадридтегі дипломаттарға +34917216290, Барселонадағы дипломаттарға +34671314878 нөмірі бойынша хабарласуды сұрады.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...