Дүйсенбі, Наурыз 30, 2020

«Таза жабайылық»: Қайрат Нұртастың әйелі азақ-түлікті толтырып алып жатқандарға шүйлікті

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова желідегі парақшасында елде болып жатқан төтенше жағдайға қатысты өз пікірін жариялады. Азық-түлік дүкендерін талан-таражға салып жатқан тұрғындардың ісін жабайылық деп біледі. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үйінің ішін бір жылдық азық – түлік қорымен толтырып қойған тұрғынның желіде тараған видеосына Жұлдыз былай деп баға берді:

«Видеодағы жағдай таза жабайылық дер едім. Азық-түлік сататын базарлар жұмыс істеп тұр», – деген ол дәл қазіргі қысыл-таяң уақытта жауапкершілікті болуға шақырды.

«Біздің буын және бізден кейінгі буын мұндай кезде қайтпек керегін білмейді. Себебі біз соғысты, ашаршылық пен нәубетті бастан өткермедік. Оған қарсы тұрар иммунитет жоқ. Ал орта және аға буын көрген зұлматтың дәмін ұмытпағандықтан сәл нәрседен сескенеді. Бірден реакция танытады. Меніңше қазір біздің қоғамда дәл осы екі эмоция қақтығысуда.
Бірақ екі буынға да ортақ бір-ақ нәрсе бар. Ол – жауапкершілік. Өз өміріңізге алаңдамасаңыз да, өзіңізбен бірге өзгені де ала кететініңізді естен шығармау керек. Сақтанбай, вирус жұқтырған сәтте, сіз бір емес бірнеше жүз, мың, миллион өмір үшін жауап бере аласыз ба?! Сіздің салғырттығыңыз үшін жазықсыз бала, қарт, жар, ана, әке, ата, сәби жапа шегеді. Сондықтан “Ой, саясат үшін ойлап тапқан жоқ нәрсе”, “Маған ешқашан жұқпайды”, “Мешіт – құдай үйі. Онда баруға тыйым жоқ” деген қыңыр әңгімелерді қысқарту керек. Ойынға айналдырып болған шығармыз. Тіпті Трамптың да сарказмына айналдық қой», – деген Жұлдыз ес жинайтын уақыт келгенін айтты.

Сөз соңында, кредит каникулы туралы айтқан Абдукаримова жұмыссыз қалған адамдардың жайын ойлап алаңдайтынын жеткізді.

«Мүмкіндігі барлар онлайн жұмыс істер, ал жұмыссыз қалғандар не істейді?! Ай сайын алқымнан алатын кредит бар, жалдамалы пәтері мен ішіп-жер тамағы бар. Осыған орай билік төтенше жағдай аяқталғанша халықты кредиттен каникулға жіберсе деген ойға қонымды өтінішті ескерсе…», – дейді Жұлдыз Абдукаримова.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

8-сынып оқушысы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан

Түркістан облысының полиция қызметкерлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан 8-сыныптың оқушысын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 28 наурыз күні Кентау қаласының полиция...

«Науқастар жазыла бастайды» Қытайлық дәрігерлер коронавирусқа байланысты тың мәлімдеме жасады

Қытайлық дәрігерлер коронавирус жұққаннан кейін күн сайынғы белгілері қандай болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 1-4 күн. Дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттер ауырып, құрғақ жөтел,...

Қазақстанның тағы алты қаласы карантинге жабылды

30 наурыз сағат 00:00-де Қазақстанның алты қаласы: Атырау, Қарағаны, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай карантинге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алты қала тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды, тек азық-түлік,...

Азық-түлікке ақша жетпей жатыр

Италияда коронавирус жағдайына байланысты экономикалық проблемалар шиеленісе түсуде. Бұл туралы Huffington Post басылымының италиялық нұсқасы жазды. Карантинге байланысты көптеген тұрғын қаржылық қиындықтарға тап болды, қазір олардың көпшілігінде ақша...

Коронавирус індетін жұқтырғандар саны үдеп кетті (30 наурыз сағат 00:20 жағдайы)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Ақтөбе облысында тiркелді,-деп хабарлайды Qazbrand.info ресми ақпарат көзіне сілтеп. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 70...

Нұр-Сұлтан қаласында дәрігерлер қонақүйлерге орналастырылды

ҚазАқпарат –Коронавирус инфекциясын жұқтырған және оны тасымалдаушы науқастармен стационарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін елордадағы қонақүйлерден орындар бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық штаб емхана...