Вирустан жазылған әйел тәжірибесімен бөлісті

74814cfdc99691987544bb18302ea0c5

BAQ.KZ. Элизабет Шнайдер Facebook-тегі парақшасында коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді, деп жазады aikyn.kz.

Австралиялық әйелдің айтуынша, коронавирусты жұқтыру оңай. Алдын ала болжам бойынша, ол достарының үйінде өткен кеште жұқтырса керек. Себебі сол күнгі қонақтардың 40 пайызынан осы індет анықталған. Үш күн бойы барлығының белгілері де бірдей болған.

Шнайдердің сөзіне қарағанда, таныстарының ешқайсы түшкіріп, жөтеліп жүрмеген.

БАҚ-та қолды тазалап жуып жүру керектігі жазылуда. Бірақ мен үнемі қолымды да жуып жүрдім. Вирусты жұқтырмас үшін адамдарға жақындамау керек, жалғыз жолы сол, – дейді Элизабет Шнайдер.

Австралиялық үш күннен соң сезіле бастаған ауру белгілерін рет-ретімен баяндап берді.

Олар адамның жасына, денсаулығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін, – дейді ол.

Өзінің және 40-50 жас аралығындағы таныстарында алдымен қалтырау және бас ауруы болған. Одан кейін буындар сырқырап, шаршау сезілген. Бұл әрі қарай дене қызуына ұласқан.

Кейбіреулерде диарея болды, ал менің жүрегім айныды. Дене қызуы басылғанымен, тамағым ауырып, мұрным бітеліп қалды. Бәрінде бірдей жөтел мен тыныс алудың қиындауы болды деп айта алмаймын. Ал ауру 10-16 күнге созылды, – дейді.

Қазір Элизабет індеттен толық айығып шыққан. Бірақ әлі де адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға тырысады екен. Өзі ауруханада емес, үйінде емделуді жөн көріпті.

Көпшілігіміз мұның маған еш қатысы жоқ деп ойлаймыз. Солай болуына да тілектеспін. Сөйте тұра тестілеуден ертерек өту өз денсаулығыңызға төнетін және індеттің өзгелерге жұғу қаупін азайтады, – деді ол.