Дүйсенбі, Сәуір 6, 2020

Елде төтенше жағдай: Абай Бегей мен Асхат Тарғын концерт беріп жүр

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Асхат Тарғын мен Абай Бегей Ресейдің Орынбор қаласында бірігіп концерттерін берді. Екі күнге созылған ән кеші шетелдегі қандастардың көңіл күйін көтерген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Қос әртіс бірігіп Орынбор қаласында «Көрісу мерекесіне» орай екі күн концерттерін берді. Бұл ақпаратты өнер иелері желідегі парақшасында растады. Асхат Тарғын елде орын алып жатқан жағдайға қарамастан концерт берудің себебі болғанын жеткізді.

«Билет сатылып кеткен, осыншама халық күтіп отырғаннан кейін елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайға қарамастан келдік. Ресейде карантин ештеңе жоқ екен. Елімізде тыныштық болсын, ауырмаңыздар ағайын!» – деді ол.

Әншінің сөзінше, концерттің жоғары деңгейде өткені соншалықты, билеттің бірі де қалмай өтіп кеткен. Сол үшін Асхат Тарғын Орынбордағы қандастарға алғысын жеткізді. Абай Бегей де Ресей жеріндегі концертінен алған әсерін желідегі парақшасында бөлісуді ұмытпады.

«Сіздерге Орынбордағы қандастарымыздан жалынды сәлем! Жаратушымыз әр түрлі болып жатқан жаман (вирус) аурулардан сақтасын», – деді ол. Абай Бегей мен Асхат Тарғынның концертінде болған тыңдармандар ән кешінің жоғары деңгейде өткенін айтып, оларға алғыстарын білдірді.

Одан бөлек, жанкүйерлер орынборлық тұрғындарға көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға да рақметтерін айтты. Концерттен кейін, Асхат Тарғын мен Абай Бегей алаш арысы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйге барып қайтқан. Сондай-ақ, Орынбор қаласындағы тарихи ғимараттармен танысқандарын да жеткізді.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...