Сейсенбі, Сәуір 7, 2020

Қытайлық дәрігерлер коронавирустан көз жұмған науқастың денесін сойып, нәтижесін жария етті

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Қытайлық дәрігерлер коронавирустан көз жұмған науқастың денесін сойып, соған қатысты жасалған есепті жария еткен. Аупопсия нәтижелері Journal of Forensic Medicine журналында жарияланған екен. Бұл туралы РИА Новости хабарайды. 

Патологиялық зерттеу көрсеткендей, COVID-19 вирусы ең алдымен адамның өкпесіне әсер етеді. Вирустың басқа мүшелерге әсер ететіндігі әлі дәлелденбеген.

Денесін сарапшылар тексерген науқас 1 қаңтарда ауруханаға бірнеше бас ми инфарктімен түсті. Бұл Ухань қаласының 85 жастағы тұрғыны еді.

Ауруханаға жеткізілгенде науқастың қызу, жөтел және басқа да вирус белгілері байқалмаған. Ауруханаға түскеннен кейінгі 10- күні науқастың тамағында қышу пайда болып қызуы көтерілген. Компьютерлік томографиядан оны4 екі өкпеcінде инфекция бар екені көрінді.

Ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі 13-ші күні науқастың коронавирустық нуклеин қышқылының жаңа түріне жүргізілген анализі оң нәтиже беріп, науқасқа COVID-19 диагнозы қойылды.

20-күні өкпеге жасалған томографияда инфекция одан әрі таралып жатқаны көрінген. 28-ші күні науқас көз жұмып, оған «коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі» деген диагноз қойылған.

Аутопсия Ухан ауруханасында науқас көз жұмғанан кейін 12 сағаттан соң жүргізілді.

«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей,  бұл тыныс алу жолдарының және өкпе альвеолаларының терең бөліктерінің зақымдануы, бұл коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмония. Марқұмнан ертерек алынған анализде COVID-2019 патологиялық процесі SARS-ке ( SARS – бұл жіті респираторлық синдром) және MERS-пен (Таяу Шығыс тыныс алу синдромы)өте ұқсас екенін көрсетті, алайда COVID-2019-да өкпе фиброзы SARS-қа қарағанда ауыр емес », – делінген хабарламада.

Вирус басқа ішкі мүшелерге, мысалы бүйрекке, бауырға әсер ете ме, жоқ па, сарапшылар айта алмай жатқан көрінеді. Мұның себебі көз жұмған ер адам егде тартқан және оның басқа да органдары ауырған сондықтан бұл мәселені нақтылау үшін қосымша зерттеу қажет.

Аутопсияны Тунцзи Лю Лян, университеттің сот медицинасы кафедрасының профессоры, 30 жылдық тәжірибесі бар патолог-дәрігер басқарды.

Мамандардың пікірінше, жаңа коронавирус патологиясын зерттеу аурудың механизмдерін, оның патогенезі мен қауіптілігі үшін, сонымен қатар басқа науқастарды емдеу үшін өте маңызды.

«Біз «дұшпанның» қай жерде екенін, оның «қаруы» не екенін, күшін білмейміз. Патологиялық анатомия мен кейінгі зерттеулердің арқасында вирустың адам ағзасына таралуын микроскоптың көмегімен байқауға болады. Қандай мүшелер, ұлпалар мен жасушалар ең көп зардап шеккенін, «жаудың» әлсіздігі не екенін түсінуге болады. Компьютерлік томографиясы науқастың өкпесінде өзгеріс белгілерінің пайда болуын көрсетті », – дейді дәрігер Лю Лян.

LEAVE A REPLY

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Добро пожаловать на 364.kz. Рекламы и заработка в сети…

Добро пожаловать на 364.kz. Рекламы и заработка в сети... Заработайте дополнительные деньги в Интернете. Теперь вы можете зарабатывать деньги сидя дома....

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте діни шараларға уақытша...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...