Сәрсенбі, Сәуір 1, 2020

Назарбаеваның орынбасары түскі асқа асыққан депутаттарға ұрсып тастады

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Сенатта өткен парламенттік тыңдауда республиканың агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Парламенттік тыңдауға өңірлерден келген агрономдарды тыңдаудың орнына түскі асқа асыққан депутаттар сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтан сөз естіді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенатта агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері туралы парламенттік тыңдау өтті. Сағат 10.00-ге жоспарланған жиын 10.30-да бір-ақ басталды. Парламенттік тыңдауға депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен бөлек, облыстардан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де келіп, мұң-мұқтажын жеткізді.

Сағат тілі түскі бірден асқанда, кей депутаттардың қарны ашқан болуы керек, сұрақ-жауапты тоқтатып, жиынды аяқтауға асықты.

Әріптестерінің бұл әрекеті Бектас Бекназаровқа ұнамай қалды.

«Бүкіл қаңтар, ақпан бойы ауыл шаруашылығына байланысты қаншама маңызды мәселе көтерілді. Енді соның қорытындысы бүгін шығайын деп отыр. Қаншама адамды шақырып отырмыз. Әрі кетсе тағы бір-екі сағат отырармыз. Келген кісілерді тыңдайық. Қайда асығамыз? Екі ай атқарылған жұмыстың нәтижесін бүгін шығару үшін кешке дейін отырсақ та болады. Бұл мәселені түбіне дейін жеткізейік. Асығудың қажеті жоқ қазір. Әзер болса, түскі асты ішпей, кешкі тамақты бір-ақ ішерміз. Онда тұрған ештеңе жоқ, – деп ашуланды сенатор.

Парламенттік тыңдауға сенат спикері Дариға Назарбаева да қатысып, сөз сөйледі. Сенат төрағасы ауыл шаруашылығын жүйесіз реформалаудың салдарынан тұтас ауылдар құрып жатқанын ашық айтты.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82...

Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. "Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар...

Тоқаев 42500 теңгенің кімдерге ғана берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді (жалпы 340 науқас)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді Нұр-Сұлтан қаласында- 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178...

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде айтты. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың...

Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр

Қытайдың коронавирус ошағына айналған Ухань тұрғандары билік жариялаған мәліметтерге сенбейтіндігін жеткізіпті. Айтуларынша, бір қаланың өзінде 3800 емес, 42 мың адам індеттен көз жұмған. Бұған...