ПРЕЗИДЕНТ ДУЛАТ АҒАДІЛДІҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді. /turkystan.kz/

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іспен тыңғылықты танысып шықтым. Өкінішке орай, белсенді Ағаділ жүрек жетіспеушілігі салдарынан қаза тапқандығын нық сеніммен қуаттай аламын. Кері сендіруге тырысу – демек шындыққа қарсы шығу. Қаза тапқан азамат кім болса да, қандай көзқарасты ұстанса да ол ең алдымен – адам. Адам өмірі бірегей әрі бағалы. Бәріміз де Алла тағаланың жазмышына мойынсұнамыз. Иманды болсын», – деді ҚР Президенті.Барлық құқықтар сақталған.