Жексенбі, Наурыз 29, 2020

Ағаділдің өлімі: Прокуратура мәйіттегі жарақат іздерін түсіндірді

Көп оқылды

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге...

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген...

Бұған дейін тараған бейнежазбада «Дулаттың денесінде жарақат іздері бар» деген ақпарат айтылған еді. Бүгін қала прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, Дулат Ағаділдің денесіне жасалған сот-медициналық сараптама туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Марқұмның денесін зерттеу кезінде ағасы мен адвокаты тарапынан ешқандай арыз түскен жоқ. Мәйітті тексеру шарасы бейнежазбаға түсірілді. Бірақ этика бойынша біз оны жариялай алмаймыз. Сосын жақын туыстары да рұқсат бермеді. Алдын ала қорытынды – жүрек қызметінің нашарлауы. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде сот-медициналық сараптаманың нақты қорытындысы шығарылады», – деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, бұған дейін тараған бейнежазбада «Дулаттың денесінде жарақат іздері бар» деген ақпарат айтылған болатын.

«Бұл – мәйіт дақтары және биологиялық өлім көрінісі. Медициналық тілмен айтқанда, жүрек тоқтап қалғанда мәйітте дақтар пайда болады. Тіпті, адам қайтыс болса да, бір сағаттан кейін шыға береді», – деп атап көрсетті Қилымжанов.

Сот-медициналық сараптамаға қатысқан тәуелсіз сарапшы Арман Аханбеков те Дулаттың денесінде жарақат іздерінің емес, мәйіт дақтарының болғанын растады.

«Негізі, мәйіт дақтары – бұл қан жиналып қалатын жерлер. Олар салмақтың күшімен төмен қарай сырғып кетеді. Ал бір-екі тәулік ішінде қозғалмай қалады да, формасын өзгертпей тұрады. Түсі қара көк, сол себепті жарақат іздеріне ұқсайды. Алайда сараптама кезінде біз жарақат іздерін анықтаған жоқпыз», – деп атап көрсетті Қилымжанов.

Ағаділдің өлімі

25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған еді. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алмастырды.

24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге жаппай қайтарып жатқан үкімет басшыларына ашулы....

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп...

АЛМАТЫДАҒЫ КЕЙБІР БЛОКПОСТТЫ АТТЫ ПАТРУЛЬ БАҚЫЛАЙДЫ

Карантин периметрінің қол жетімсіз жерлерін Алматы полициясы атпен жүріп бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы, Алматы қалалық ПД құрылымында қаланың ерекшелігі мен инфрақұрылымы ескеріліп атты бөлімдер қарастырылмаған....

Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр – Министр

«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам...
- Advertisement -