Жұма, Сәуір 3, 2020

«Қоңыз теріп кетті»: Асхат Садырбай отандық әншілерді аяусыз сынап тастады

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін қатаң сынғас алды. БАҚ өкілі бүгінде олардың шынайы өнерден гөрі той бизнесін өрлетіп, жеңіл табыс табу мақсатында күн сайын түрлі лотерея ұйымдастырып жүргеніне шүйлікті. Оның сөзінше, әртістер өз абыройын өздері түсіріп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай Instagram парақшасында өткір жазба жариялап, өзекті тақырыптардың бірін көтерді.

Белгілі журналист күні кеше ломбардты жарнамалап, артынан сон соқтырып қалған өнер жұлдыздарын сынап тастады.

«Әншілер неге қоңыз теріп кетті? Ат қайда, арба қайда, ән қайда? Өткенде авторлық құқықты қорғайтын одақтан түсетін ақша қайда деп бір шулады.

Күн сайын әр әншіден бір лоторея. Одан кеше ломбардтың жарнамасын жасап, талай адамды сан соқтырды.

Менің ойым: Өркениетті елдер пираттармен күресіп жатқанда біздің әншілер мен продюсерлер пираттарға ақша төлеп әндерін таратқызды.

Тек әндер емес, кинолар, концерттер де солай таралды. 300 теңгеге ішінде папка-папка 3000 ән жазылған MP3 дискті алғандар мойындасын.

Өркениетті елдер CD, DVD дискілердің дәуірімен қош айтысып Netflix сынды жобаларға бет бұрып, сандық технологиялар мен онлайн қызмет түрлерінен табыс табуды жүзеге асырып жатқанда біздің әншілер көрші елдердің ырғақты әндерін ұрлап, сапасыз той әндеріне күш салды» , – деп жазды Садырбай.

Оған қоса, ол отандық әртістерді енді теледидардан емес, күнде тойдан ғана көретін болғанын алға тартты. Асхат Садырбай қазақстандық өнер саласына күрделі өзгеріс енгізу керек екенін жеткізді.

«Өзге елдер шоу бизнеске барын салып жатқанда, біздікілер той бизнесті дүркіретіп жатты. Әр әншінің ән қоржынында билететін той әні болуы шарт боп кетті.

Тіпті театр актерлері, кино, балет әртістеріне дейін тойға шықты. Шықпағанда қайтсін, табысы қомақты, жұмысы да қиын емес. Ол аз десеңіз «Той Думан» деген телеарна ашылды.

Қазақпыз, той тойлаймыз, тойға қарсы емеспіз. Бірақ, той тойлаудың жөні осы екен деп бәрін тойға тіреп қойғаннан не ұттық? Анда-санда теледидардан, сахнадан сағынып көретін әртістеріміз күнде тойда.

Бұрынғыдай ас та төк той көп емес қазір. Жұрт та сол бір сарындағы әндер мен жаңалығы жоқ әншілерден жалықты.

Той азайған жоқ, тойға қымбат әншілерді әйтеуір шақыра беру азайды. Тығырыққа тірелдік пе дей бергенімізде бізге лотерея деген тағы бір тамаша идея келді.

Ол да ешкімді жақсылыққа апармайтыны анық. Бір күндік жеңіл табыс. Адамдарды алдап-арбау арқылы табатын берекесіз табыс.

Ақша кетеді, абырой қалады деген сөз бар емес пе?! Тек ақшаны ойлай бермей абыройды да ойлау керек. Дамыған елдер сияқты біз де әлемдік стандарттарға көшуіміз керек. Барлығы заңды, лицензиялы болуы керек. Одан мемлекет те, әртістер де ұтылмайды! Әлі де кеш емес» , – деді ол.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

«Қауіптісі, ел арасында өзінің коронавирус екенін білмейтін адамдар бар»

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған, бірақ, ол туралы өзі де білмейтін адамдар бар деп болжайды, деп...

КАРАНТИН НӘТИЖЕСІ: РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР ӨСІМІ ТӨМЕНДЕДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн...

Алматыдағы 14 індет ошағынан шектеулер алынды

Алматыда коронавирус инфекциясынық ошақтары азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегіне сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста...

Науқастармен байланыста болған дәрігерлер үйлеріне қайтқысы келмейді

Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекеттік комисиия...

Коронавирус Қостанай облысына жетті

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 18.10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7...

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бір уақытта әнұран орындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды...