Жексенбі, Наурыз 29, 2020

Ай сайын бір отбасыға бір баспанадан… Айнұр Тұрсынбаеваның қайырымдылық қоры ашылды

Көп оқылды

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге...

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген...

Өзінің атаулы кітабымен ұтыс ойнатып елдің алғысына бөленіп жүрген айтыстың аққуы Айнұр Тұрсынбаева енді «Айдың нұры» деп аталатын қайырымдылық қорын ашты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Ол өзінің инстаграм парақшасында:

«Бисмиллә деп «Aidyn Nury қайырымдылық қоры» ашылды…Енді осы қор бойынша көп түкірсе көл демекші ай сайын бір отбасына баспана алып беріп отырсақ жақсы ғой… Қайырымдылық-адам жанының нұры…

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:»Адам қайтыс болғанда амал дәптерлері жабылады. Тек мына үш нәрсемен сауабы жалғасады: сауабы үздіксіз келетін садақа, адамдардың игілігіне жараған ілім және артынан дұға жолдайтын салиқалы перзент.» (Бухари)

Суретте көрсетілген отбасыға қараңыздаршы… Артем сауда базарының қасында жер үйлердің бір бөлмесінде тұрып жатыр екен… 6 баласы бар! 6 бірдей бала ата-анасымен 8 адам, 12 квадраттық бір бөлмеде тұрып жатыр… Жолдасы ауырады, денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз, жағдайлары өте төмен отбасы…

Осы отбасыны баспаналы қылуға 100 теңгеден салсаңыздар да біз үшін үлкен көмек!!! Жұмыла көтерген жүк жеңіл…Осы отбасыға баспана сыйлап балалардың жылы жүзін көру біздің мақсатымыз… Алла разы болсын» – 
деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Тұрсынбаева бұған дейін өзінің ұтыс ойынында 120 миллионды құрайтын үлкен пентхаусын бас жүлдеген қойған болатын. Және оны Шымкенттік 5 баланың анасы Бибінұр есімді оқырман жеңіп алды.

Автор: Гүлнұр Серікбай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге жаппай қайтарып жатқан үкімет басшыларына ашулы....

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп...

АЛМАТЫДАҒЫ КЕЙБІР БЛОКПОСТТЫ АТТЫ ПАТРУЛЬ БАҚЫЛАЙДЫ

Карантин периметрінің қол жетімсіз жерлерін Алматы полициясы атпен жүріп бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы, Алматы қалалық ПД құрылымында қаланың ерекшелігі мен инфрақұрылымы ескеріліп атты бөлімдер қарастырылмаған....

Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр – Министр

«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам...
- Advertisement -