«Үш рет ажырассаң себеп сенде»: «Қазақтың Кардашьяны» үш күйеуі туралы айтып берді

«Қазақстанның Карадашьяны» деген атпен танымал болып кеткен Айнұр Нұрсейітова үш рет тұрмысқа шығып, ажырасуының себебін түсіндірді. Айтуынша, екі күйеуінен де балаларына алимент алмайды. Өйткені көмек сұрауды ұят санайды екен. Тіпті үшінші күйеуі екі жыл жұмыссыз мойнында отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Oybay Show» ютуб-каналына сілтеме жасап.

«Соңғы уақытта «Үш рет ажырассаң себеп сенде. Өзің кінәлісің» деп жазып жатыр. Мүмкін. Үш рет ажырассам да ең бастысы қазір мен бақыттымын ғой. Екі балам бар. Ұлым да, қызым да бар. Тек қана жақсылықпен қараймын. Не айтып, не жазып жатса маған бәрібір. Ата-анам да мені қолдап жатыр. Басқа не керек?», – дейді Айнұр Нұрсейітова.

Айтуынша, адамға тез сеніп қалады. Сол себептен де үйленетін адамдарын жақсы тани алмаған.

«Қанша уақыт бірге тұрдық. Жолдасым болған. Сондықтан мен ешқашан жамандамаймын. Өйткені екеуі менің балаларымның әкесі. Бірақ бір жағдайлар болды. Ол да ажырасуға себеп болды. Оған еш өкінбеймін. Мен сеніп қаламын. Барлық нәрсеге жақсы көзбен қараймын. Әкем «Ол сенің адамың емес. Керек емес» деп жатса да мен тыңдамай тұрмысқа шығып кеткен едім. Негізі ешкімді тыңдамаймын. Тек өз жүрегімді тыңдаймын. Мен негізі отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Көп нәрселерді жасырдым», – дейді Айнұр.

Ал анасы тұрмыстағы қызының бақытсыз өмір сүріп жатқанын оның жанарынан сезген. Айнұрмен жақын сөйлесіп көргенде ғана оның бақытсыз екенін түсініпті.

«Айнұрдың алдында Әсем тұрмысқа шықты ғой. Біз екеуін салыстырып қарайтынбыз. Әсел үйге көңілді болып келетін. Ал Айнұрдың жанарынан оны байқамадық. Бір нәрсе айтсам, үндемей ұзақ ойланып қалатын. Біз де алаңдай бастадық. Әкесі байқамағанымен, мен көп байқадым. Бір күні әкесі Айнұрдың жағдайын сұрады. Сол кезде ғана қызымыз айтып берді. «Әке мен шыдай алмаймын кетсем қалай болады?» деді», – дейді анасы.

Бірақ қыздарының алғашқы күйеуінен ажырасқанында қатты қиналған. Кейін екінші-үшінші рет ажырасқанда үйреншікті болып кетіпті. Айнұр қазір екі күйеуінен туған балалары үшін олардан алимент алмайды екен. Өйткені ешкімнен көмек сұрағым келмейді дейді.

«Олардан көмек сұрау ұят сияқты. Барлығын балаларыма өзіме жасаймын. Ал үшінші күйеуім екі жыл мойнымда тұрған. Сондықтан қандай көмек болсын одан? Қазір жігіттермен танысып жатсам оларға күйеуге шықпаймын деп айтамын. Өйткені өзім де қорқатын болдым. Бірақ ұсыныс жасайтындар көп», – дейді Нұрсейітова.