Хазірет Айша (Оған Алла разы болсын) өте тақуа еді. Бірде жалғыз өзі оңашада жылап намаз оқып жатқанда, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп не үшін жылағанын сұрады.
Ол:
– Уа, Алланың Елшісі! Тозақтың азабын еске алып жыладым, – деді, сөйтті де:
– Қиямет күні сіз жанұя мүшелеріңізді еске ала аласыз ба? – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі оған:
– Уа, Айша, үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды, – деп жауап берді,
– Біріншіде, таразыға амалдар тартылып ауыр-жеңіл екені белгілі болғанға дейін;
Екіншіде, амал дәптерлері оңнан яки солдан берілгенге дейін;
Үшіншіде, жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылып, өтіп-өте алмауың белгілі болғанға дейін. (Муслим