«Қазақтарды толығымен қыру керек»: 9 адамды жер жастандырған қаскөй әлемді дүрліктіретін үндеу жариялады

Қазір әлемде түрлі ұлт, этникалық топтар, мәдениет бар, олардың бәрі барлық жағынан қауіпті деген ол, өз сөзінде әлемді «тазалау» керек екенін айтып, сол арқылы халық санын екі есеге қысқартуға болатынын айтады. Франкфуртта тоғыз адамды атып өлтірген неміс азаматы өзін және анасын өлтірмес бұрын интернетте үндеу жариялаған. Онда ол барлық «өзге мәдениет пен нәсіл өкілдерін қыруға» шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post-қа сілтеме беріп.

Билік қылмыскердің 43 жастағы Тобиас Р.  есімді азамат екенін анықтаған. Ол сәрсенбі күні кешке кальянханада, кафе мен қаланың басқа жерлерінде атыс ұйымдастырып, тоғыз шетелдік азаматты, соның ішінде түріктерді өлтірген.

Германияның канцлері Ангела Меркель бейсенбі күні елдегі ұлтшылдық көрінісін айыптап, елді бөліп-жармақшы болатындарға қарсы тұруға шақырды.

«Қылмыскер экстремистік, ұлтшылдық көзқарастары негізінде әрекет еткенін дәлелдейтін дәйектер көп. Демек, діни ұстанымдары бөлек, өзге ұлт өкілдері мен нәсілділерге деген өшпенділігі болған»,- деді канцлер.

Федералды прокурор Питер Франк лаңкестің өз сайтында видео мен 24 беттік өшпенділікке толы үндеухат жариялағанын айтқан.

«Жеке парақшасына ақылға қонымсыз, қастындыққа, ұлтшыл көзқарастарға толы видеоүндеу жариялаған»,- дейді Питер Франк. Сайтта ер адам өзін Тобиас Ратхен деп атады, бірақ елдің құпиялылық туралы заңына сәйкес қылмыскердің аты-жөнін жарияланбаған. Гесс штатының ІІМ Питер Беут қаруланған қылмыскердің осыған дейін сотқа тартылмағанын айтты.

Соңғы 18 жылда әсіресе ешкіммен байланыспаған, оның себебін өзін кейін түбегейлі зерттейтінін білгендіктен деп түсіндірді. Қазір әлемде түрлі ұлт, этникалық топтар, мәдениет бар, олардың бәрі барлық жағынан қауіпті деген ол, өз сөзінде әлемді «тазалау» керек екенін айтып, сол арқылы халық санын екі есеге қысқартуға болатынын айтады.

Аталған елдер толық жойылу тиіс:

«Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Египет, Израиль, Сирия, Иордания, Ливан, Австралия аралдары, Түркия, Ирак, Иран, Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкистан, Ауғанстан, Бангладеш, Вьетнам, Лаос, Камбоджа және Филиппин аралдары», — деп жазады ол.

YouTube-та жарияланған  видеосында Ратхен барлық американдықтарға ағылшын тілінде сөйлеп, жасырын әскери базалардағы балаларды қорлау, түрлі жоралғы әрекеттері орын алатынын айтып, адамдарды сары басылымдарға сенбеуге шақырды.

Қылмыскер кейінірек үйінде анасымен бірге өлі күйінде табылды.