Дүйсенбі, Сәуір 6, 2020

Бас прокуратура Мұхтар Әблязовке қатысты мәлімдеме жасады – видео

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Бас прокуратурада «Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы» экстремистік ұйымына қатысты брифинг өтті.

Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы қашқын банкир Мұхтар Әблязовке қатысты мәлімдеме жасап, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

«Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы – экстремистік ұйым. Оны кім басқаратынын көпшілік біле бермейді. Жетекшісі – Мұхтар Әблязов. Оның арбауына түскен кейбір азаматтар, өкінішке қарай, оған зор сенім артады», – деді бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс брифингте.

Ол әрі қарай Әблязовтің қылмыстарын еске салды. Энергетика министрі кезінде жемқорлық жасағаны үшін 2002 жылы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. 2005 жылы өзінің бизнес-серіктесі, БТА банктің төрағасы Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны ашық сотта дәлелденгенін айтып өтті.

«Қылмыстары әшкереленген соң ол 2009 жылы Ресейде, кейін Англияда, 2012 жылы Францияда бас сауғалады. Шетелде жайлы өмір сүру үшін алдын-ала қаражатты оффшор арқылы елден шығарып алған», – деді Петерс.

Айтуынша, Әблязовтің алаяқтық әрекеттерінен қазақстандықтар ғана емес, француздар, немістер, америкалықтар да зардап шегуде.

Сөз соңында Бас прокуратураның ресми өкілі Қазақстан азаматтарын арандатушылыққа бой алдырмауға, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды.

«Бүгінде Әблязов халық мүддесін желеу етіп, жалған ұранмен азаматтарды заңсыз акцияларға үгіттеуін жалғастырып келеді. Ол сіздерді қоғамда әлеуметтік алауыздық және ұлтаралық қақтығысты тудыру үшін пайдалануда. Оған бір-бірімізге деген сенімімізді жоғалтқанымыз тиімді. Әблязовтің көксегені – еліміздің тыныштығы, азаматтарымыздың амандығы емес, жеке басының мүддесі, мансабы. Ол қылмыстық жауаптылықтан құтылуды көздейді», – делінген үндеуде.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...