Бейсенбі, Сәуір 2, 2020

«14 мың сал да, 114 мың ал»: Сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Сарапшылар қазақстандықтарды қаржы алаяқтарының арбауына түсіп қалудан сақтанып, ақшаға мұқият болуға шақырып отыр.

Sputnik. Соңғы күндері қазақстандықтарға мессенджерлерден белгілі бір сомадағы қаржыны «Котел немесе Черная касса» деп аталатын ойынға салсаң, қаржыға кенелесің деген хабарламалар көптеп келе  бастады. Сарапшылар мұндай хабарламаларға қатысты ойымен бөлісті.

Ең алдымен 14 300 теңгені салым ретінде төлеп, дәл осы сомадағы қаражат салатын тағы екі адамды шақыру керек. Адамдар көбейген сайын алғаш кіргендер жоғарылай түсіп, 114 мың теңге алады.

Ал бұл мәселеге қатысты сарапшы Андрей Чеботаревтың айтуынша, алғаш келген инвесторлардың кейінгілердің арқасында табысқа кенелуіне негізделген схема Понци кестесі деп аталады.

«Бұл өзі ертеректе шыққан «МММ», «Кэшбери» немесе осы күндері кеңінен танылған түрлі бағыттағы тұрғын үй, круиздік кооперативтер сияқты қаржы пирамидалары болып табылады», – деп жазды ол FINANCE.kz сайтындағы Telegram-каналында.

Сарапшы пікірінше, бұл жүйе тек бастапқы кезеңдерде ғана жұмыс істейді. Қатарға қосылушы адамдар саны азайғанда, еселеп қайтарылатын қаржы таусылады. Сонда бастапқыда уәде етілген 114 мың теңгені алғаш болып ақша салғандар мен ойын құрастырушылары ғана алады.

«Өзіңізді алдауға мүмкіндік бермеңіз. Мұндай жеңіл жолмен ақша табу мүмкін емес екенін жақындарыңызға да ескертіңіз», – дейді Чеботарев.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында Questra қаржы пирамидасын құрушыларға қатысты сот шешімі шығып, кінәлілер 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

358 адам алаяқтардың арбауына түсіп, 2016-2017 жылдары 480 миллион теңгені қаржы пирамидасына салған.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Тапсырма 11 күн бұрын берілген: Қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақы дер кезінде төленбегені үшін үкіметті айыптады

Коронавирус салдарынан енгізілген төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш бере алмай, дал болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат...

«Кредитті артығымен төлейміз»: Kaspi Bank халықтың наразылығына жауап берді

Kaspi Bank-тің баспасөз қызметі клиент кредитті үш айға шегеруге өтініш берсе, артық төлемнің артатынын растады. Kaspi Bank клиенттері төтенше жағдайға байланысты кредитті үш айға шегеру...

Есікті қасықпен жауып кеткен: Қызылордада бір үйдің 4 баласы өлім құша жаздады

Терезенің ар жағынан көмек сұраған балаларды байқаған полицейлер темір қасықпен бекітілген есікті бұзып кіріп, оларды сыртқа шығарды. Sputnik. Жер үйдегі өрттің кездейсоқ куәгері болған Қызылорда қаласының...

42 500 ТЕҢГЕ: ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН САЙТ ІСТЕН ШЫҚТЫ

Төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылғандарға өтініштердің көптеп түсуіне байланысты электронды үкімет порталы дұрыс істемей қала берген, - , - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел аурудың біртүрлі белгісі туралы айтты

Үш баланың анасы коронавирус инфекциясымен үш апта бойы күрескен, қазір жағдайы жақсы, бірақ құрсағындағы сәбиінің денсаулығына алаңдайды. Sputnik. Англияның Херн-Бэй қаласында коронавирустан айығып шыққан жүкті әйел...

Бағлан Әбдірайымовтың вирус жұқтырғаны рас па?

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың вирус жұқтырған отандық БАҚ өкілдері жарыса жазуда./osekshi.kz/ "Өткен жолы жолдан суықтап қалып, карантин басталған кезде қатарласып ауырып қалғандығым жайлы пост...