Сәрсенбі, Сәуір 1, 2020

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Ертеңнен бастап ҚР бас санитарының коронавирусқа қатысты арнайы қаулысы күшіне енетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«17 ақпанда ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Қаулы бүгін түнгі сағат 00:00-де күшіне енеді. Бұл коронавирусқа қарсы профилактикалық шараларды күшейтуге бағытталған», – деді ол.

Заң бойынша шетелдік азаматтар үш топқа бөліп қарастырылады екен.

«6 ақпаннан бастап Қытай жерінде болған азаматтар міндетті түрде 14 күн стационарға карантинге жатқызылады. Қосымша тағы 10 күн дәрігер қадағалауында болады. Екінші топ – коронавирусты оннан астам адам жұқтырған қалалардан, елдерден келген азаматтар. Олар 14 күн үй карантиніне жатқызылады және тағы 10 күн жергілікті мекенжайы бойынша дәрігер қадағалауында болады», – деді Ахметшәріп.

Үшінші топтағы азаматтар тұрғылықты жері бойынша 24 күн дәрігер бақылауында болады. деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

«Бұл тәртіпті бұзғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 462-бабына сай жауапкершілікке тартылады, айыппұл салынады. Карантиндегі адамдарды жергілікті учаскелік дәрігерлер мен полиция өкілдері күн сайын қадағалап отырады. Үй карантинінде отырған азаматтар ең алдымен жақындары мен достарын ойлауы тиіс және карантин талаптарын қатаң сақтауы керек. Әзірге індет өршіп тұрған елдерге шықпауларыңызды, сапарларыңызды кейінге шегеруді сұраймыз», – деді Диас Ахметшәріп.

Бірінші топқа Қытайдан келген азаматтар жатқызылса, екінші топқа Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Вьетнам, Австраляи, Германия, АҚШ және Франция келген шетел азаматтары кіреді екен.

На сегодняшний день это Великобритания, ОАЭ, Канада, Индия, Филиппины, Италия, Испания, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия, Египет.

Атап өтерлік жайт, қытайлық індеттен көз жұмғандардың саны екі мыңға жетіпті. Ал короноавирусты әлем бойынша 74 мыңнан астам адам жұқтырған.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82...

Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. "Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар...

Тоқаев 42500 теңгенің кімдерге ғана берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді (жалпы 340 науқас)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді Нұр-Сұлтан қаласында- 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178...

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде айтты. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың...

Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр

Қытайдың коронавирус ошағына айналған Ухань тұрғандары билік жариялаған мәліметтерге сенбейтіндігін жеткізіпті. Айтуларынша, бір қаланың өзінде 3800 емес, 42 мың адам індеттен көз жұмған. Бұған...