Дүйсенбі, Сәуір 6, 2020

«Көліксіз жүруді елестете алмаймын»: 90 жастағы Матрёна әже әлі көлік айдап, нәпақасын тауып жүр

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Таяуда ғана 90 жасқа толған ақтөбелік Матрёна Зайдулинаның өмірі көпке үлгі-өнеге десек артық айтқандығымыз емес. Қарттыққа қадам басқанына қарамастан, әлі күнге дейін сергек жүретін (тіл-аузымыз тасқа) «Баба Мотя» ұзақ жасаудың сырын Stan.kz тілшілеріне баяндап берді. 

«Меніңше ұзақ жасаудың бәлендей бір құпиясы жоқ. Бастысы – өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысу. Өзің айналысқан істен жаның рахат тапса, нағыз бақыт осы. Ал бізде өзінің жұмысын ұнатпайтын, амалының жоқтығынан істейтіндер көп екені жасырын емес. Адам өзі қалаған істен рахат ала білсе, онда ол адамның жаны да, тәні де қартая қоймайды» – дейді әжей.

Қазақстандағы әйел жүргізушілердің арасындағы жасы үлкені осы – Матрёна Зайдулина.

«Әуел баста жүргізушілікке қажеттіліктен бардым. Өйткені, отбасымызды асырап отырған жолдасым о дүниелік болды. Ол кәсіби білікті көлік жүргізушісі еді. Оның жанында жүріп, көп нәрсені көкейге тоқыдым. Кейін ол өмірден өткен соң бала-шағаны бағып-қағу ісі маған жүктелді. Сондықтан, көлік жүргізу ісі бойынша арнайы оқып, куәлік алдым. Таксист қызметін атқарып, үш баламды ешкімнен кем қылмай өсірдім. Қазір көлік жүргізу менің ең сүйікті ісім. Тіпті, көліксіз жүруді елестете де алмаймын», – дейді Матрёна әже.

Бұған дейін Мәскеуден арнайы алған «шестеркасын» тізгіндеп келсе, он жыл бұрын өзінің маңдай терімен тапқан қаржысына су жаңа «Приораны» сатып алыпты.

Әжейдің тағы бір қыры – көпшілігіміз сияқты емхананың есігін тоздырып, дәрігер қабылдауында болмайды. Өз қолымен еккен дәрілік шөптерді тұтыну арқылы сан түрлі дертке қарсы тұрып келеді. Бүгінде тоқсанға табан тіресе де, шапшаң әрі ширақ қимылдайды. Мұның сырын ол еңбек етумен байланыстырады.

«Жыл сайын көктем шығысымен саяжайыма барып, егін егу ісіне бел шеше кірісемін. Өйткені, сатып алған жеміс-жидектің сапасы өз қолыңмен еккен өнімдей болмайды. Піскен өнімдерімді шетінен базарға әкеліп саудалай бастаймын. Жасым кеп қалды деп ешкімге алақан жаймаймын. Өз жағдайымды өзім жасаймын. Ақтөбеліктердің көпшілігі мені жақсы біледі. Сондықтан, базарға әкелген жемістерім тез-ақ өтіп кетеді. Маңдай термен табылған астың дәмі де таңдайыңда ұзақ сақталады ғой. Мұның өзі зор қуаныш деп ойлаймын», – дейді «Баба Мотя».

Қарап отырсақ, күніз-түні бір тынбай еңбектенудің арқасында қажыр-қайратын жоғалтпай, керісінше сергек жүрген әжей ісінен әрбіріміз үлгі алсақ та жарасып жатыр.

Арнайы «Stan.kz» үшін 

 

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...