Бейсенбі, Сәуір 2, 2020

Тоқаев интернетті қымбаттатпауды тапсырды

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Президент елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді тапсырды 

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком»АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндалып, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, «Смарт Ақкөл» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Сонымен қатар Қуанышбек Ескеев Қазақстан президентіне «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «Kcell» және «Tele2» компанияларының акцияларын сатып алғаны, олардың жұмысын интеграциялау шаралары, мобильді қызмет жобасының жүзеге асырылуы жөнінде де мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Ескеевке елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді, сондай-ақ, олардың бағасын қымбаттатпауды тапсырды.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде интернет пен ұялы байланыстың жұмысына жаппай шағымданды. Youtube, Google, Telegram және өзге де желілер жұмыс істемеді.

Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде жұмыс сапарымен жүрсе де, барлық ақпарат ресурсының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды.

© sputniknews.kz

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Тапсырма 11 күн бұрын берілген: Қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақы дер кезінде төленбегені үшін үкіметті айыптады

Коронавирус салдарынан енгізілген төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш бере алмай, дал болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат...

«Кредитті артығымен төлейміз»: Kaspi Bank халықтың наразылығына жауап берді

Kaspi Bank-тің баспасөз қызметі клиент кредитті үш айға шегеруге өтініш берсе, артық төлемнің артатынын растады. Kaspi Bank клиенттері төтенше жағдайға байланысты кредитті үш айға шегеру...

Есікті қасықпен жауып кеткен: Қызылордада бір үйдің 4 баласы өлім құша жаздады

Терезенің ар жағынан көмек сұраған балаларды байқаған полицейлер темір қасықпен бекітілген есікті бұзып кіріп, оларды сыртқа шығарды. Sputnik. Жер үйдегі өрттің кездейсоқ куәгері болған Қызылорда қаласының...

42 500 ТЕҢГЕ: ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН САЙТ ІСТЕН ШЫҚТЫ

Төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылғандарға өтініштердің көптеп түсуіне байланысты электронды үкімет порталы дұрыс істемей қала берген, - , - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел аурудың біртүрлі белгісі туралы айтты

Үш баланың анасы коронавирус инфекциясымен үш апта бойы күрескен, қазір жағдайы жақсы, бірақ құрсағындағы сәбиінің денсаулығына алаңдайды. Sputnik. Англияның Херн-Бэй қаласында коронавирустан айығып шыққан жүкті әйел...

Бағлан Әбдірайымовтың вирус жұқтырғаны рас па?

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың вирус жұқтырған отандық БАҚ өкілдері жарыса жазуда./osekshi.kz/ "Өткен жолы жолдан суықтап қалып, карантин басталған кезде қатарласып ауырып қалғандығым жайлы пост...