Белгілі тележүргізуші шұғыл ауруханаға жеткізілді

Тележүргізушінің өкілі бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған диагноз расталмағанын жеткізді. Ол қорқатын еш нәрсе жоқ екенін айтты.

Sputnik. Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Дибров өзінің ауруханада екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Премьера фильма Викинг
© SPUTNIK / ЕКАТЕРИНА ЧЕСНОКОВА
Дмитрий Дибров ауруханаға түсті

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Дибров эпилепсия ұстамасымен “Октябрь” кинотеатрынан ауруханаға шұғыл жеткізілгенін хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, қорқатын еш нәрсе жоқ.

“Дәрігерлер тексерді. Кардиограмма, МРТ жасалды. Бәрі жақсы. Жас келді деген осы”, — деді ол.

Тележүргізушінің өкілі Табриз Шахиди бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған диагноз расталмағанын жеткізді.

Бүгінгі жаңалықтар