Сәрсенбі, Сәуір 1, 2020

Шетелдегі қандастарымызға елімізде тұрып, азаматтық алуға бір рет өтініш беру құқығы ұсынылады

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов  шетелдегі қандастарымызға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығы ұсынылатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәліметіне сәйкес, 1991 жылдан бері 1 миллион 57 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған. Ал 2019 жылы республикаға 9 993 отбасы келіп, 597 оралман отбасы қабылдау өңірлерінде қоныс аударыпты. Азаматтық алу үшін құжаттарды тапсырып үлгермеген 8,2 мың этникалық қазақ өткен жылғы оралман мәртебесін ұзарту бойынша біржолғы акция аясында Қазақстан азаматтығын алған.

Сонымен қатар министр қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру, елге келген этникалық қазақтар мен мигранттар үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында көші-қон процестерін реттеу туралы заң жобасы әзірленгенін атап өтті. Құжат Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралып жатыр.

«Заң жобасы аясында оралмандарға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығын қарастыру ұсынылады. Оралмандарға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін оңтайландыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, шетелдік білікті қызметкерлерді қазақстандық кадрлармен ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді жұмыс берушілерге жүктеу ұсынылады. Рұқсат тек ішкі еңбек нарығында мамандар болмаған жағдайда ғана берілуі тиіс», – деп мәлімдеді Нұрымбетов.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82...

Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. "Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар...

Тоқаев 42500 теңгенің кімдерге ғана берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді (жалпы 340 науқас)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді Нұр-Сұлтан қаласында- 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178...

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде айтты. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың...

Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр

Қытайдың коронавирус ошағына айналған Ухань тұрғандары билік жариялаған мәліметтерге сенбейтіндігін жеткізіпті. Айтуларынша, бір қаланың өзінде 3800 емес, 42 мың адам індеттен көз жұмған. Бұған...