Жұма, Сәуір 3, 2020

Аудан тұрғындары мен шенеуніктер төбелесіп кетті – видео

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жергілікті тұрғындар жұмыс тобының өкілдеріне шабуыл жасаған.

Sputnik. Өзбекстанның Сурхандария облысындағы Алтынсай ауданында жергілікті тұрғындар тексеріспен келген шенеуніктерге шабуыл жасады, деп хабарлады Газета.uz.

Желіде тараған видеода адамдардың құқық қорғаушыларға қарсылық көрсетіп жатқанын көруге болады. Тәртіп сақшылары біреуді жақын тұрған автобусқа қарай сүйреп жатыр. Ал жергілікті тұрғындар оларға қарсылық көрсетіп жүр. Бір жігіттің басы қанап кеткен. Адамдардың автобусқа тас лақтырып жатқанын да байқауға болады.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 14 ақпанда болған. Бұған дейін жеке шаруа қожалығы заңсыз құрылыс салу фактісі бойынша арызданған. Осыны тексеру үшін Халкабод махалласына (қаланың бір бөлігі – Sputnik) арнайы жұмыс тобының өкілдері барған. Олардың ішінде аудандық әкімдіктің мамандары, прокурор, ішкі істер бөлімінің бастығы, сондай-ақ, кадастр қызметкерлері болды. Негізгі мақсат – жер учаскесін заңды иесіне қайтару.

«Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жергілікті тұрғындар жұмыс тобының өкілдеріне шабуыл жасаған. Олардың қолдарында сан алуан заттар (таяқ, балта, тас, күректің сабы және тағы басқа) болды. Шабуылдың арты қақтығысқа ұласқан», – делінген ішкі істер министрлігінің ресми хабарламасында.

Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Олар қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етсе де, бірқатар азамат қарсылық көрсетті.

Қақтығыс кезінде екі құқық қорғаушы жарақат алды. Біреуінің миы шайқалып, беті жырылса, екіншісі жеңіл жарақатпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жергілікті тұрғындар арасында жарақат алғандар туралы ресми ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 2018 жылы сәуірде Өзбекстанда жеке тұлғалардың заңсыз салған құрылыс нысандарына бір реттік рақымшылық акциясы жарияланған болатын. Соның аясында мүлік құқығын рәсімдеуге мүмкіндік берілді. Акция 2019 жылдың 1 мамырына дейін жалғасты. Халық тарапынан жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге 932,7 мыңнан астам арыз түсті. Соның 20 проценті кері қайтарылды.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

«Қауіптісі, ел арасында өзінің коронавирус екенін білмейтін адамдар бар»

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған, бірақ, ол туралы өзі де білмейтін адамдар бар деп болжайды, деп...

КАРАНТИН НӘТИЖЕСІ: РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР ӨСІМІ ТӨМЕНДЕДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн...

Алматыдағы 14 індет ошағынан шектеулер алынды

Алматыда коронавирус инфекциясынық ошақтары азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегіне сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста...

Науқастармен байланыста болған дәрігерлер үйлеріне қайтқысы келмейді

Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекеттік комисиия...

Коронавирус Қостанай облысына жетті

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 18.10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7...

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бір уақытта әнұран орындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды...