Бейсенбі, Сәуір 2, 2020

Біртанов: Көз жұмған адамның органдары рұқсатсыз донорлыққа алынбайды

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Қайтыс болған адамның азғасы рұқсатсыз донорлыққа алынбайтын болды. Қызу талқыланған нормаға қатысты Денсаулық сақтау министрі осындай шешім қабылданғанын айтты. Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары ескерілген. Ең бастысы мұндай қадамға баруға азаматтардың жазған мыңдаған пікірі себеп болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Осымен 7-ші рет өткен қоғамдық кеңестің отырысына Денсаулық кодексі туралы пікір айтып жүрген Мұрат Әбенов те қатысты. Кодекске енгізіледі деген нормалардың ішінде қызу талқыға түскен мәселелер екпе және ағза донорлығы болатын. Азаматтардың пікірін саралаған министрлік тарабы тұжырымдама жобасына бірқатар өзгерістер енгізіпті.

«Ең бір маңызды мәселе – ол қайтыс болған адамның мүшелерінің донорлыққа алынуы. Егер марқұм бұл жағдайға байланысты тірі кезінде ешнәрсе айтпаса, ал оның туыстары келісім берсе, ішкі мүшелерді донолыққа пайдалану қарастырылған. Ал егер рұқсат болмаса, органдарды алуға тыйым салынады», – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Елжан Біртанов вакцина мәселесінде де бірқатар өзгерістер бар деді. Бұл ретте екпе препараттарының сапасына, оны жеткізуші компаниялардың жауапкершілігі де заңда бекітіледі деп отыр. Вакцинаға қатысты ұсыныстар бойынша Қазақстанға арнайы келген ДДСҰ өкілі Ханс Клюге бастамаларға оң бағасын беріпті. Сондай-ақ жарты әлемнің ұйқысын қашырған індеттің жаппай таралуына қарсы еліміздің атқарылып жатқан шараларына көңілі толатынын айтып, алғысын жеткізген.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы індетке қарсы кемшіліктерді жоюға және төтенше жағдайларға байланысты іс-қимылдарды реттеуге әлемнің барлық еліне қолынан келген бар мүмкіндікті аямайды. Оның ішінде Қазақстанға ерекше көңіл бөлеміз. Науқастарды қадағалау, емді іздеу, індеттің алдын алуға елді дайындау бағытында бірлесе жұмыс істейтін боламыз», – деді ДДСҰ өкілі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі арасында екі жылға арналған келісімге қол қойылған. Осы құжатқа сәйкес елдегі жұқпалы және жұқпалы емес індеттерді алдын алу бағытында көмек көрсетілмек.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Тапсырма 11 күн бұрын берілген: Қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақы дер кезінде төленбегені үшін үкіметті айыптады

Коронавирус салдарынан енгізілген төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш бере алмай, дал болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат...

«Кредитті артығымен төлейміз»: Kaspi Bank халықтың наразылығына жауап берді

Kaspi Bank-тің баспасөз қызметі клиент кредитті үш айға шегеруге өтініш берсе, артық төлемнің артатынын растады. Kaspi Bank клиенттері төтенше жағдайға байланысты кредитті үш айға шегеру...

Есікті қасықпен жауып кеткен: Қызылордада бір үйдің 4 баласы өлім құша жаздады

Терезенің ар жағынан көмек сұраған балаларды байқаған полицейлер темір қасықпен бекітілген есікті бұзып кіріп, оларды сыртқа шығарды. Sputnik. Жер үйдегі өрттің кездейсоқ куәгері болған Қызылорда қаласының...

42 500 ТЕҢГЕ: ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН САЙТ ІСТЕН ШЫҚТЫ

Төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылғандарға өтініштердің көптеп түсуіне байланысты электронды үкімет порталы дұрыс істемей қала берген, - , - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел аурудың біртүрлі белгісі туралы айтты

Үш баланың анасы коронавирус инфекциясымен үш апта бойы күрескен, қазір жағдайы жақсы, бірақ құрсағындағы сәбиінің денсаулығына алаңдайды. Sputnik. Англияның Херн-Бэй қаласында коронавирустан айығып шыққан жүкті әйел...

Бағлан Әбдірайымовтың вирус жұқтырғаны рас па?

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың вирус жұқтырған отандық БАҚ өкілдері жарыса жазуда./osekshi.kz/ "Өткен жолы жолдан суықтап қалып, карантин басталған кезде қатарласып ауырып қалғандығым жайлы пост...