Жапониядағы круиздік лайнердегі коронавирус: тағы 70 адам ауру жұқтырды

Жапония жағалауында карантинге жабылған Diamond Princessкруиздік лайнерде тағы 70 адам коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Жапонияның денсаулық сақтау министрі Като Кацунобудың айтуынша, ауру жұқтырған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің саны 355-ке жеткен.

Айта кетейік, осы лайнерде төрт қазақстандық бар.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда 68,5 мың адам ауру жұқтырған, 1665 адам қаза тапқан.

© tengrinews.kz

Бүгінгі жаңалықтар